Р.АЮПОВ: ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНА ДАЙЫН БОЛУЫМЫЗ КЕРЕК

Р.АЮПОВ: ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНА ДАЙЫН БОЛУЫМЫЗ КЕРЕК

64 просмотров

Р.АЮПОВ: ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНА ДАЙЫН БОЛУЫМЫЗ КЕРЕК

Түркістан қаласының әкімі Рашид Аюпов жуырда  эпидемиологиялық жағдай бойынша әлеуметтік желіде тікелей эфирге шыққан еді. Тікелей эфир барысында тақырыптан бөлек тұрғындардан түскен түрлі сауалдарға шаһар басшысы жауап берді. Оның ішінде тұрғындар тарапынан жаңа оқу жылына байланысты қойылған сауалдар да назарда болды. Қазіргі таңда 2020-2021 оқу жылын қашықтықтан оқыту бойынша дайындық жұмыстары жүргізілуде.

«Жақында 1 қыркүйек. Біз жаңа оқу жылына дайын болуымыз керек. «ҚазақТелеком» және «Транстелекоммен» барынша трафикті көтеріп, бағасын түсіру бойынша сөйлесіп жатырмыз. Ал, жағдайы төмен отбасыларға планшеттер алып беру жоспарымызда. Себебі, планшетті пайдалану оңайға түседі. Ол үшін де Kcell, Beeline операторлары арқылы SIM-карталар қоса беру жоспарланған. Қазірде мұғалімдер бейнематериалдар әзірлеп жатыр және жергілікті телеарнамен келісіссөз жүргізудеміз. Ата-аналар тарапынан балаларын мектепте оқыту бойынша да өтінімдер келіп түсуде. Алайда, білесіздер бұл өте қауіпті. Дегенмен, Министрлік шешімі бойынша әрекет ететін боламыз», — деді Р. Аюпов.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *