РАҚМЕТ, САҒАН ОТАНЫМ!

РАҚМЕТ, САҒАН ОТАНЫМ!

12 просмотров

РАҚМЕТ, САҒАН ОТАНЫМ!

Кентау қаласының тұрғындары Көктемнің алғашқы күнінде аталып өтетін 1-ші Наурыз — Алғыс айту күнін атап өтті. Салтанатты шарада алғы сөзді алған қала әкімінің орынбасары Арман Басаров «Алғыс айту күні – тағдыр тоғыстырған Қазақстанның көп этносты халқының ортақ тарихын құрметтеу күні болады. Бұл – репрессия мен жер аудару жылдарында біздің халық көрсеткен мейрімділік пен ақ көңілдік, қолда бармен бөлісу, көмек көрсету сынды рухани дәстүрлер күні» деп қала тұрғындарын мерекемен құттықтады. Елімізде бүгінде 130 дан аса ұлт пен ұлыс бір шаңырақ астында тату-тәтті ғұмыр кешуде. Кентау қаласының өзінде 30-ға жуық ұлттар тұрады. Барлығыда еліміздің өсіп-өркендеуіне сүбелі үлестерін қосып, еңбек етуде. Әрбір ұлттың өз тілін, дінін, дәстүрлерін сақтауда, ұлттар арасындағы татулықты нығайтуда 5 этно-мәдение орталықтар жұмыс жасайды. Мерекелік жиында қаладағы Ш.Қалдаяқов атындағы мәдениет сарайының өнерпаздары әзірлеген әсем әуендерге ұласып, достық биі көпке ұсынылды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *