РАШИД АЮПОВ БІР ЖЫЛДА НЕ ТЫНДЫРДЫ?

РАШИД АЮПОВ БІР ЖЫЛДА НЕ ТЫНДЫРДЫ?

17 просмотров

РАШИД АЮПОВ БІР ЖЫЛДА НЕ ТЫНДЫРДЫ?

  Бүгін Түркістан қаласының әкімі Рашид Аюпов өткен жылдың қортындысы бойынша шаһардың әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы халық алдында есеп берді. Шектеу шараларына сәйкес жиын онлайн форматта өтті. Есеп беру іс-шарасына тек бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері мен қалалық әкімдікке қарасты бөлім басшылары қатысты. Тұрғындар есепті әкімдіктің әлеуметтік желідегі парақшалары мен қаладағы 10 білім ошағында, карантин талаптарына сай, әр мектепте 30-ға жуық тұрғынның келуімен «ZOOM» жүйесі арқылы байланыс жасалып, тікелей эфирде тұрғындар сауалдарын қою мүмкіндігімен қамтамасыз етілді. Сонымен жаңашыл әкім бір жылда қандай тірліктер атқарды? Салаларға толталып, сабақтай кетейік.   

РАШИД АЮПОВ БІР ЖЫЛДА НЕ ТЫНДЫРДЫ?

ТҰРҒЫН ҮЙ (БАСПАНА) САЛАСЫ

Рашид Абатұлының айтуынша былтырғы жылы тұрғын үй кезекте тұрған мұқтаж азаматтардың саны 12 441 құраған. Осы бағытта 2020 жылы жаңа әлеуметтік үйлердің қатарын көбейту жоспарланған болатын. Алайда, пандемияға байланысты тұрғын үйдің құрылыс жұмыстарын мерзімінде жүргізуге облыстардың шекаралары жабылуынан жұмысшылар мен құрылыс материалдарының уақытылы жеткізілмеуі кедергі болды. Соған қарамастан, жылдың соңында кезекте тұрған 440 мұқтаж азаматтарға пәтерлер тапсырылды.

Сондай-ақ, 534 пәтер несиемен рәсімделіп берілсе, 7 тұрғын үйдің құрылысы аяқталып,  336 пәтер «Отбасы банкі» арқылы пайдалануға берілді. Қала бойынша 46 көпқабатты тұрғын үйлердің қасбетін жыл соңына дейін қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілетін болады. Бүгінгі таңда әкімшілік-іскерлік орталығындағы 77 тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде. Бұл ретте құрылыс жұмыстары аяқталғаннан соң, кезекте тұрған азаматтарға 2021 жыл соңына дейін 730 пәтерді табыстау жоспарлануда.

РАШИД АЮПОВ БІР ЖЫЛДА НЕ ТЫНДЫРДЫ?

 ӘЛЕУМЕТТІК САЛА

 2020 жылғы атаулы әлеуметтік көмектің тағайындалуына еңген жаңа талаптар бойынша әр тоқсанға өтініш беру арқылы 3 айға тағайындалып, төлем жүргізілді. Төлемнің жаңа жүйесі бойынша 2020 жылы 4653 отбасына атаулы әлеуметтік көмек тағайындалып, оның 24 937 отбасы мүшелеріне 2 024 680,0 мың теңге төлем жүргізілді. Оның ішінде шартты түрде тағайындалған көмек бойынша яғни, отбасында еңбекке қабілетті 2036 адам жұмыспен қамтылды. Жалпы мөлшері 21,5 пайыз (пайызы  отбасында   еңбекке қабілеті бар адамға қатысты) болды.

  Атаулы әлеуметтік көмекке зәру отбасылардың (1 мен 6 жас аралығындағы) 17 755 баласына кепілдендірілген әлеуметтік топтама  (гарантированный социальный пакет) тағайындалды.

  Төтенше жағдай кезеңінде (6 жаспен 18 жас аралығындағы) 6943 балаға (наурыз, сәуір, мамыр, шілде, тамыз) азық-түлік-тұрмыстық жиынтығына         129 372,1 мың теңге қаржылай төлем жүргізілді.

«Нұр-Отан» партиясының «Біз біргеміз» акциясы бойынша 14923 отбасына 746 150 000 теңге көлемінде қаржылай көмек көрсетілді. Сонымен бірге, демеушілер тарапынан 4127 отбасына 33 млн теңге көлемінде қолдау көрсетілді.  

  Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының бүгінгі таңға дейін орындалуы туралы мәліметтер :

Бағдарламаның 1-ші бағыты бойынша Қысқа мерзімді кәсіби оқуға жергілікті бюджеттен 8 925,0 мың тенге қаржы қаралып, 75 адам қысқа мерзімдік оқуларға жолданған.

Бағдарламаның 2-ші бағыты шеңберінде жаңа бизнес-идеяларды іске асыру мақсатында берілетін мемлекеттік грант бойынша 2020 жылға 650 азамат грант иегері атанды. (қаржысы 361 140 000 теңге)

Шағын несие беру — микроқаржы ұйымы арқылы 76 адамға 10 782 000,0 мың теңге шағын несие берілді.

Бағдарламаның 3-ші бағыты шеңберінде :

— Әлеуметтік жұмыс орындары бойынша жылдық жоспар 130 адамды құраған, бүгінгі күнге дейін 198 адам 28 мекемеге жолданып.

— Жастар практикасына жылдық жоспар 540 адам, 604 азамат жолданып.

— Ақылы қоғамдық жұмыстарға 2020 жылға Республикалық бюджеттен есебінен 4000 адам, жергілікті бюджеттен 250 адам жолдау жоспарланған, Елде орын алған төтенше жағдайдарға байланысты қаржы қайта қаралып, бүгінгі күнге дейін 1544 адам жолданған.

Жалпы квоталар :

— Мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған квота бойынша жұмыс орындарына жоспар 120, орындалғаны 6(тұрақты жұмыс орындары 6). Квотадан тыс 314  мүмкіндігі шектеулі азаматтар әлеуметтік шаралармен қамтылған.

РАШИД АЮПОВ БІР ЖЫЛДА НЕ ТЫНДЫРДЫ?

ДЕНСАУЛЫҚ САЛАСЫ

«Індет өршіген кезеңде қаламыздың тұрмыс-тіршілігінің құлдырауына жол бермеген жерлестерімнің еңбегі жайлы айтуым – парызым. Қашықтан, қажетті заттар мен қызмет түрлерін алуға мүмкіндік берген арнайы телефон қондырғысын әзірлеген бір топ жастардан бастап, қатерге қарамастан денсаулық сақтау, білім беру, құқық қорғау салаларындағы қызметкерлер; курьер, тазалаушы, жүргізуші, дүкен сатушысы және басқа да қызмет түрін тиісті деңгейде көрсетуін жалғастыра білген азаматтардың еңбегі тұрғындарымыздың басым көпшілігінің індеттен аман қалуына орасан зор әсерін тигізгеніне сенімдімін. Біз берген еш марапат халықтың алғысына жете қоймасы сөзсіз. Мүмкіндікті пайдалана, рұқсат етсеңіздер, тұрғындарымыздың атынан осы жерлестерімізге шексіз алғыс білдіремін.

Халық алғысына ерекше лайықты жандар, әрине, дәрігерлеріміз деп білемін. Қиын кезеңге қарамастан, халық денсаулығын жақсарту жолында түрлі жаңалықтар да енгізілді. Бір сәтте 500-ге жуық адамды оттегімен қамтамасыз ету мүмкіндігі бар арнайы станция қосылды. Жергілікті кәсіпкерлерімізден бастап, кезінде жергілікті білім ошақтарынан қанат жайып шет елдерге кеткен азаматтар да демеушілік білдіріп, тұрғындарымызға мыңдаған бетперде, жүздеген «көмек қорапшалары» таратылып, денсаулық мекемелеріне оттегі концентраторлары жеткізілді. Бұған қоса, Amazing Turkistan қосымшасында Дәріхана бөлімі ашылып, тұрғындарға қажетті дәрі-дәрмектерді тез арада іздеп табу мүмкіндігі іске қосылды. Белсенді бақылау топтары жұмысының арқасында дәрі-дәрмек бағасы тұрақталып, әкімдік тарапынан жергілікті кәсіпкерлерге медет ретінде Алматы қаласынан дәрі-дәрмек жеткізілу мәселесі шешілді», — деді шаһар басшысы.

ТАБИҒИ ГАЗБЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ

2020 жылы бюджеттен 7 907 872,0 мың теңге қаржы қарастырылып, 1 магистралді және 6 ішкі орам газ құбырлары нысандары бойынша құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізіліп, 2021 жылдың 1 қаңтарына дейін Түркістан қаласында 42 037 абонент газбен жабдықтау желілеріне қосылып, толық табиғи газды пайдалану 26 400 абонентке қол жетімді болды. Сонымен қатар, қала бойынша жаңадан қоныстанған, жер телімдерін екіге бөлген, жер құжаттарын жаңадан заңдастырған және тағы басқада себептермен жобаға енбей қалған   380 тұрғын үйді табиғи газбен қамту мақсатында жобалау сметалық құжаттары әзірленуде. Жобаның құрылыс жұмыстарын жүргізу 2021 жылдың 2-ші жарты жылдығына жоспарлануда.

ЭЛЕКТРМЕН ЖАБДЫҚТАУ САЛАСЫ

Түркістан қаласы тұрғындары электр қуатымен 99,8 пайыз қамтылған. Оның ішінде 36 600 абоненттің 31 617 абоненті, яғни, —  86,4 пайызы сапалы электр қуатымен қамтылған.

2020 жылы қала аумағында «Бекзат» мөлтек ауданындағы жаңадан қоныстанған аумақты Жамбыл мектебінің маңайындағы тұрғын үй масивін – 710 үйге, Шәуілдір тас жолы бойындағы «Шипа су» сауықтыру кешені аумағындағы–1983 үйге, «Шавгар» мөлтек ауданындағы №22 мектептің айналасында орналасқан – 2325 үйге және Бірлік тұрғын үй массивін – 1430 үйге, жалпы 4 нысан бойынша – 6448 тұрғын үйлерге сапалы және үздіксіз электр қуатымен қамтамасыз ету бойынша құрылыс жұмыстары жүргізілді.

2021 жылы қала ішіндегі тұрғындарыдың өз күшімен сапасыз жүргізген және жаңадан қоныстанған аумақтарды сапалы электр қуатымен қамтамасыз ету мақсатында 3 нысанға жобалау-сметалық құжаттары әзірленіп, сараптаманың оң қорытындылары алынды. Атап айтқанда:

1. «Түркістан қаласы Жангелдин көшесі аумағындағы тұрғын үй массиві;

2. «Түркістан қаласы «Яссы», «Шавгар» м/аудандары және ХҚТУ тұрғын үй массиві.

Жоғарыда аталған сараптамадан шыққан 2 нысан бойынша республика бюджетінен құрылыс жұмыстарын жүргізуге қаржы бөлінді, нысандырды аяқтау мерзімі ағымдағы жылдың 1 желтоқсаны. Ал «Түркістан қаласы Т.Диметов көшесі аумағындағы тұрғын үй массивін электрмен қамтамасыз ету нысаны бойынша облыстық бюджеттен қаржы бөлуге ұсыныс жолданды.

ЖЫЛУ ЭЛЕКТР ОРТАЛЫҒЫ (ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНДА ОРТАЛЫҚ ҚАЗАНДЫҚТЫ ҚАЙТА ЖӨНДЕУ)

Түркістан қаласындағы көп қабатты тұрғын үйлердің жылу жүйелерін жаңарту мақсатында «Түркістан облысы, Түркістан қаласы №1 және №2 шағын ауданында ішкі орам жылу желілерін қайта жаңғырту» нысаны бойынша мердігер мекеме «Астана ритм» ЖШС-гі құрылыс жұмыстарын 2020 жылдан бастап 1,05 км жылу жүйелері ауыстырылған, нысанның толық аяқтау жұмыстары 2021 жылдың 1 қыркүйегі деп белгіленген.

Орталық қазандықты қайта жөндеу (реконструкция) бойынша мердігер «ASI Building» ЖШС жұмыс аяқталды. Орталық қазандығының жұмысы көмір отынынан табиғи газға аустырылды.  

АУЫЗ СУМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ

Түркістан қаласының 38 220 абонент ішінде ауыз сумен 37 455 абонент (98%) қамтамасыз етілген. 2020 жылы Түркістан қаласындағы «Сауран», «Иассы», «Отырар» және «Шавгар» мөлтек аудандарындағы жаңадан қоныстанған тұрғын үйлерді сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында 2 нысанның құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізіліп, нәтижесінде–4667 абонентке ауыз су пайдалануға қол жетімді болды. Атап айтқанда, «Түркістан қаласының көшелік су өткізгіштер жүйелерінің құрылысы (7 сақина, 2 кезек)»  нысаны бойынша – 3460 үй және «Түркістан қаласы, Қызылорда тас жолы бағытындағы «Сауран» және «Иассы» м/а ауыз су жүйесімен қамтамасыз ету»нысаны бойынша – 1207 үй ауыз сумен қамтылды.

Сонымен қатар, Сырғақ батыр көшесінде орналасқан 2 қабатты – 10 үй және Төле Бәйтерекұлы көшесінде орналасқан 2 қабатты – 8 тұрғын үй ауыз су және сарқынды су жүйесімен қамтамасыз етілді.

2021 жылы  қала ішіндегі ескіріп, тозығы жеткен ауыз су құбырларын жаңа, заманауи талапқа сай полиэтилен құбырға ауыстыру мақсатында төменде көрсетілген 3 насан бойынша сараптаманың оң қорытындысы алынып, республикалық бюджеттен жұмыстарды бастау үшін қаржы бөлінді.

1. «Түркістан қаласы, Мақта зауыт аумағы, ТГДЖ аумағындағы ауыз су құбырларды күрделі жөндеу»

2. «Түркістан қаласы, №1,2 мөлтек аудандар және Ремзауыт аумағындағы ауыз су құбырларын қайта жаңғырту»  

 3. Түркістан қаласында қала тұрғындарының көбеюіне орай, қала ішіндегі «Орталық» су қоймасын күшейту мақсатында қосымша сыйымдылығы 5000 м3 (2 дана) резервуарлардың құрылысы». Ал төмендегі 2 нысан бойынша республикалық бюджеттен қаржы бөлу үшін өтінім берілді.

1. «Түркістан қаласы, «Иассы» және «Шавгар» мөлтек аудандарының су құбыры желілерін қайта құру»

2. Н.Төреқұлов көшесінің бойында орналасқан ауыз сумен қамтылмаған үйлерді ауыз су жүйесімен қамтамасыз ету.

САРҚЫНДЫ СУ ЖҮЙЕСІМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ САЛАСЫ БОЙЫНША

Бүгінгі таңға 127 шақырым кәріз жүйесі, 27 дана КНС бар. Түркістан қаласы бойынша орталықтандырылған кәріз жүйесімен қамтылу көрсеткіші 11,9 пайызды құрап, 4600 абонет пайдалануда.

2020 жылы Түркістан қаласын сарқынды су жүйесімен қамту мақсатында 1 магистральды және 2 ішкі орам сарқынды су жүйелерінің құрылыс жұмыстары жүргізілді. Атап айтқанда, «Түркістан қаласының әкімшілік-іскерлік орталығынан №21 кәріздік тазарту станциясына дейін магистральдық кәріздік коллектор салу (2-кезек)», «Түркістан қаласы, Тұран тұрғын үй массивін сарқынды су жүйесімен  қамтамасыз ету құрылысы. (2 кезек)» және «Түркістан қаласы, Отырар мөлтек ауданын сарқынды су жүйесімен қамтамасыз ету құрылысы (1 кезек)» нысандары.

Жоғарыда аталған нысандардың  құрылыс жұмыстары 2021 жылға өтпелі болды.

2021 жылы 3 нысан бойынша құрылыс монтаждау жұмыстарын жүргізу үшін республикалық бюджеттен қаржы бөлінді:

Тұран тұрғын үй массивін сарқынды су жүйесімен  қамтамасыз ету құрылысы. (2 кезек)»; 

Бекзат м/а тұрғын үй массивін сарқынды су жүйесінмен қамтамасыз ету құрылысы»;

Иассы м/а Ыждыхат тұрғын үй массивін сарқынды су жүйесімен қамтамасыз ету құрылысы».

АБАТТАНДЫРУ САЛАСЫ

2020 жылы қала көлемінде 30-ға жуық абаттандыру жұмыстары жүргізіліп, халық игілігіне берілуде. Көп қабатты үйлер алдына балалар ойын алаңшалары салынып, жеткілікті абаттандыру жұмыстары жүргізілді.

Аулалар мен гүлзарлар және ойын алаңдары салынып, жалпы   15 нысанға 327 адам жұмысқа тартылды. Оның ішінде жұмыспен қамту орталығы арқылы жұмысқа орналасқан 164 адам бар.

Бұған қоса, 26 көшеге көгалдандыру жұмыстары жүргізіліп, 7810 түп ағаш отырғызылды.

Сондай-ақ, ашық алаңдарды көгалдандыру бойынша 97,7 гектарды құрайтын «Жасыл белдеу» көгалдандыру аймағына 38815 түп ағаш отырғызылды.

«Халықтық жоба» негізінде белгіленген нысандарға, қоғамдық орындарға көгалдандыру, шатырлар, орындықтар, жарықшам мен субұрқақ, қоқыс жәшіктері, балалар ойын алаңы мен спорт алаңдарын орнатуды басты назарға алған. Бағдарлама аясында жергілікті тұрғындарды жұмыспен қамту              100 пайызға орындалды.

ЖОЛ ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫ

Жарықтандыру мен автокөлік жолдарын күрделі жөндеуден өткізу бағытында 2020 жылы бірқатар ауқымды жұмыстар атқарылды. Мәселен қала ішінде 7,8 шақырымға күрделі жөндеу жүргізіліп, 168,5 шақырымды құрайтын 126 көше жарықтандырылды. Бұнымен қоса орташа жөндеу жұмыстары (асфальт төсеу) 106,1 шақырымға, яғни 81 көшеге жүргізіліп, аяқ жолдар салынды.

Жоғарыда атқрылған жұмыстардың нәтижесінде, қаламыздағы жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы автокөлік жолдарының үлесі 23,7 пайыздан, 35,6  пайызға көрсеткішіне жетті. Яғни, 2019 жылмен салыстырғанда жақсы және қанғаттанарлық жағдайдағы автокөлік жолдарының үлесі 2020 жылы 11,9  пайызға өскен.

Ағымдағы жылы қаламыздың инфрақұрылым жүйесі (ауыз су, газ, сарқынды су) толық аяқталған 21 көшеге орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған. Сонымен қатар, алдағы жылдары қаланың барлық негізгі көшелерін жарықтандыру жүйесімен қамту көзделуде.

Қаламыздың бас жоспарына сәйкес асфальт төселмеген көшелерге сарқынды су мен газ құбырларын тарту, шағал тас төсеу, жаяу жүргіншілер жолын салу да көзделген. Соның негізінде топырақ көшелер мүлдем жойылады. Бұл қала тұрғындары мен қонақтарының қауіпсіздігі үшін өте маңызды. Осылайша, кезең-кезеңімен ретке келтіру жұмыстарын қолға алып, 4-5 жылда қаламыздың жолдарына толықтай асфальт жол саламыз деген ойдамыз.

КӘСІПКЕРЛІК САЛАСЫ

Қаламыздағы негізгі бағыттардың бірі – кәсіпкерлік. Әр қаланың, ауылдың, кез-келген елді-мекеннің негізін тіршілік көзі  орта және шағын бизнеске негізделген. Соның арқасында тұрғындар тұрақты табыс тауып отыр. Жаңа  жұмыс орындары ашылуда. Өткен жылы Түркістан қаласында 6 кәсіпорын іске қосылып, жалпы саны 47-ге жетті, жаңа 202 жұмыс орны пайда болды. Ал, шағын және орта бизнес субьектілер саны — 10 885 асып, 27 мың адам жұмыспен қамтылып отыр.

Көрсеткіш жақсы, қаланың әрбір алтыншы тұрғыны мемлекеттік емес салада жұмыс жасайды. Дегенмен, орта бизнесті қолдау әрі қарай жалғаспақ.

Осы мақсатта «TURKESTAN» индустриялды аймағы қолданыстағы 40 гектар жерді 310 гектарға дейін  ұлғайтып, инфрақұрылыммен қамтамасыз етуде. Өткен жылы 1 124,0 млн.теңгеге 192 жұмыс орнымен 5 жоба іске асырылды.

Сонымен қатар, 2021 жылы «Түркістан» индустриалды аймағында іске асыру үшін құны 1554,0 млн. теңге құрайтын 3 инвестициялық жоба тартылды. Бұл өз кезегінде  жаңа 1026 жұмыс орнын ашатын болады.

«Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың» 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында нысаналы топтағы азаматтар /мүгедектер/ мен көпбалалы отбасылар, 29 жасқа дейінгі жастарға грант беріледі. Ол үшін Сізде «Бизнес бастау» сертификаты және бизнес-идеясы болуы керек. Мәселен, 2020 жылы осы бағдарлама арқылы /100 АЕК/ 505 мың және /200 АЕК/ 250 мың теңгені — 269 азамат алған.

«Жұмыспен қамту» және «Еңбек» бағдарламасы аясында, «Ырыс» МҚҰ арқылы 33 жоба 334 800 000 теңгеге  қаржыландырылып, нәтижесінде  61 адам жұмыспен қамтылды.

Бизнесті жүргізуді жеңілдету үшін кәсіпкерлерге арнайы бағыт-бағдар беріп отыратын «Бизнеске арналған Үкімет» орталығы құрылған. Онда кәсіпкерлерге қаржы ұйымына дейін кеңестер беріп, жобаларды сүйемелдеу қызметі атқарылады.

ТУРИЗМ САЛАСЫ

Түркістан қаласының даму шараларына  қызығушылықтарын танытып, 2020 жылы  869 242 туристтер келген

2020 жылы Туризм саласынан  жергілікті қазынаға 5 399,8 млн.тг табыстар түскен. Дегенімен, уақытша қиындықтарға қарамастан, бизнес өкілдерінің Түркістан қаласында туризм саласының дамуында кызығушылық танытып, 2020 жылы 6 қонақ үй  іске қосылып, жалпы қонақ үй, хостел саны 35 нысан құрап, тосек орын саны 1868 -ке жетіп, (2019 жылы -1213) 37,5% артты.

Ағымдағы жылы тағы да 675 орындарын ұсынатын 6 қонақ үйді іске қосу жоспарлануда. Сонымен қатар, 2020 жылы кафе ресторандардың саны                7 нысанға  артып, бүгінгі күні қала тұрғындары мен қонақтарына 60 – кафе, мейрамханалар санитарлық талаптарды сақтай отырып, қызметін атқаруда.

2020 жылы Түркістан қаласында туристерге қызмет көрсету сапасын жақсарту мақсатында «Visit center» орталығы ашылды. Орталықта  тарихи және киелі орындар, қонақ үйлер, қоғамдық тамақтану орындары, ойын-сауық орталықтары туралы мәліметтер, туристік анықтама, соңғы жаңалықтармен танысу қызметтері көрсетіледі.

Туристік  компаниялар және гидтер үшін біріңғай жүйе құрылып, туристік онлайн билеттер топтамасы, тур пакеттер топтамасын құру жұмыстары жүргізілуде.

Түркістан қаласының қонақтары мен туристеріне арнайы сайт ашылып, контентін толықтыру жұмыстары жүргізіліп келеді.

Сондай-ақ, Amazing Turkistan мобильді қосымшасы жұмыс жасауда.

ЦИФРЛАНДЫРУ САЛАСЫ

2020 жылы ақпаратты жылдамдату мақсатында Қ.А.Ясауи кесенесі, «Түркістан» темір жол станциясы, Гүлдер саябағында орналасқан Қабылдау үйі аумағына тегін «ашық Wifi» желісі орнатылады деп қарастырылған  болатын. Тұрғындарға қоғамдық орындарда да ыңғайлы және жайлы жағдай жасау мақсатында  «ашық WiFi» жобасы қыркүйек айында іске қосылды.

Алдымен, туристер алғаш аяқ басатын  «Түркістан» теміржол вокзалына, Қ. А. Ясауи кесенесі және «Қабылдау орталығы» аумағына қойылып, интернет желісі тегін таратылды. Мұндағы «ашық WiFi» желісіне кіру смс код арқылы жүргізіледі және смс ақысы абоненттен алынбайды. Қыркүйек айынан бастап қазіргі күнге дейін ашық WiFi желісіне 3000-ға тарта азамат кіріп, қызметіне жүгінген. Нақты айтсақ, Қабылдау орталығынан – 910, вокзал аумағынан – 623 және кесене аумағынан – 1261, жалпы алғанда 2794 адам пайдаланған.

Бұдан бөлек, Түркістан облысының цифрландыру, мемлекеттік қызмет көрсету және архивтер басқармасы тарапынан «Жеңіс», «Парасат», «Гүлдер», «Аттракцион» саябақтарына, Ясауи және кіші арбаттарда, Байбұрт көшесінде орналасқан сұрбұрқақта тегін WiFi желісі орнатылды.

Сонымен қатар 2020 жылдың 6 наурызында Түркістан қаласының тұрғындарымен қалаға келетін туристтер үшін «Amazing Turkistan» мобильді қосымшасы іске қосылды.

Бастапқыда туристер үшін іске қосылған «Amazing Turkistan» қосымшасы елдегі төтенше жағдай кезінде қала тұрғындары үшін  ыңғайлы қосымшаға айналды.

Әсіресе, жұмысы уақытша тоқтаған кәсіпкерлік нысандар үшін онлайн сауда мен үйге дейін жеткізіп беру қызметтерін жүзеге асыруда маңызы зор болды. Ал бүгінде аталған қосымша арқылы қаладағы кәсіпкерлер 24 670 000 теңге табыс тапты! Онлайн сауда- үйден шықпай-ақ қызмет алу және қызмет көрсету ісін жандандырып, дамуына серпін берді.

«Amazing Turkistan» мобильді қосымшасы «Дүкен», «Дәріхана», «Qyzmet», «Халық қатысатын бюджет», «Turkistan 109» бөлімдерімен толықтырылды.

Қазіргі таңда, жалпы 73459 қолданушы бар.

«TURKISTAN-109» БІРЫҢҒАЙ БАЙЛАНЫС ОРТАЛЫҒЫ

Елбасы Н.Назарбаевтың және Президент Қ.Тоқаевтың бірқатар хаттамалық тапсырмаларына сәйкес, 2020 жылдың соңына дейін барлық өңірлерде бірыңғай байланыс орталығы құру бойынша тапсырма берілген болатын.

Осыған орай Түркістан қаласы әкімдігі 2020 жылы «Түркістан-109» бірыңғай байланыс орталығы жобасын іске асырды.

Тәулік бойы тұрғындардың шағымын қабылдайтын, заманауи техникалармен жабдықталған орталық қазірде операторлармен және қажетті мамандармен толыққан. #АшықӘкімдік, #ХалықтықӘкімдік жүйесін қолға алған Түркістан қаласының әкімдігі бұл жүйе арқылы қала тұрғындарының жергілікті атқарушы органдарға келіп, уақыт жоғалтпаудың алдын алмақ. Сондай-ақ, сыбайлас жемқорлықпен күрестің бірден-бір тәсілі. Яғни, қала әкімі мен әкімдіктің әлеуметтік желідегі ресми парақшаларына келіп түскен пікірлер, сұраным, өтініш пен шағымдарды аталған 109 қызметі өз назарына алып, тіркеп отырады.

Одан өзге, шағымдарға жауап беру нәтижесінде әкімдіктің қызметкерлеріне, яғни қала әкіміне және орынбасарларына пайыздық көрсеткіш беріледі. Ол орынбасарлардың құзіретіне кіретін жауапты бөлімдердің шағымдарға назар аударуы нәтижесінде белгілі болады.

Техникалық түрде ағымдағы жылдың  20 қарашасынан бастап іске қосылған жүйеге қазіргі таңда 11970 өтініш түскен.

Оның 86-сы қаралып жатыр, мерзімінен өтіп кеткен өтініш саны-12, 11872 өтініш уақытында  қаралған.  

Өтінімдердің көздері (источники обращений)

— 109 Call-орталығы — 11515

— Telegram-бот — 18

— Instagram парақшалары —  286

— Facebook парақшалары — 31

— Whatsapp-бот (87071093109) — 96

— Amazing Turkistan қосымшасы — 24

Өтінім категорияларының 5 түрі бар:

— Оқиға

— Консультация

— Ұсыныс

— Шағым

— Алғыс

Қызметкерлер 3 жұмыс режимімен жасап жатыр:

— 1 күн – 24 сағат жұмыс жасап 3 толық күн демалады;

— 2 күн – 12 сағаттан жұмыс жасап, 2 күн толық демалады;

— 5 күн сағат 9.00-19.00ге дейін жұмыстасап, сенбі-жексенбі демалады.

«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы

«Ашық әкімдік» концепциясы аясында, әкімдіктің «Халықтық кеңсесі» ашылып, көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді бір жерден, бір терезе қағидаты бойынша алу жүйеленді. Яғни әкімдіктің бөлімдерімен көрсетілетін мемлекеттік қызметтер мен е-гов порталындағы барлық қызметтерді осы Халықтық кеңседен алуға болады. Бір жылдың аясында Халықтық кеңсеге 70 мыңға жуық азамат түрлі қызмет алуға өтініштермен жүгінген.

Бұған қоса, қала тұрғындарынан қала әкімінің және қала әкімдігінің әлеуметтік желелеріне көптеген шағым түсуіне байланысты, «Жұмыспен қамту орталығы» мекемесіне заманауи бейне бақылау жүйесі орнатылды.

Заманауи бейнебақылау жүйесі: Қызмет алушы (қызмет алушы рұқсатымен) мен қызмет беруші арасындағы сұхбаттын онлайн режимінде https://turkistan2020.kz сайтынан көру мүмкіндігі пайда болады. Бұл сыбайлас жемқорлыққа тосқауыл болатынына кәміл сенім білдіреміз.

Бұдан бөлек, орталыққа келуші санын санау аналитикасы, бір жерде көп шоғырланған адамдарды іздеу аналитикасы, ұмытылған заттарды табу аналитикасы және қызметкердің жұмыс тиімділігін санау аналикалары қойылды.

БІЛІМ САЛАСЫ

Бүгінгі күні жалпы 39 күндізгі орта білім беру  ұйымы (7 жекеменшік мектеп) жұмыс атқаруда. Оның ішінде 38 мектеп типтік, 1 мектеп ыңғайластырылған ғимаратта орналасқан.

Онда 46 693 бала білім алуда. Өткен оқу жылымен салыстырғанда  2 681 балаға өскен (2019 жылы – 44 399).

2020 жылы 26 мектеп пен 1 балабақшаға 1 317 798 теңге қаржы қаралып, мектептерде ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді.                          

Жөндеу жұмыстары барысында 26 мектептің ішкі әжетханалары қалпына келтірілді және 10 мектептің тозығы жеткен қоршаулары жаңартылды. Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін 33 мектепке бейнебақылау орнатылып, полиция департаментінің жедел басқару орталығына интеграция жасалды.

2020-2021 жаңа оқу жылында қала мектептерінде білім алатын жалпы саны 46 693 оқушының 17 093 әлеуметтік осал топтағылары «Бір отбасыға – бір компьютерлік техника» қағидаты бойынша компьютерлік техникалармен қажеттілігіне қарай қамтылды.

Атап айтқанда, 1400 бала мектеп компьютерлерімен, 2675 бала республикалық және жергілікті бюджет есебінен планшетпен қамтылды.  

Сонымен бірге, республикалық бюджет есебінен 4851 дана компьютер мен ноутбуктер әлеуметтік осал топтағы балаларға таратылады.

СПОРТ САЛАСЫ

Қазір қалада 204 спорт нысаны, оның ішінде 1 спорт сарайы, 42 спорт залы, 5 жүзу бассейні, 4 спорт кешені, 4 стадион, 10 теннис корты, 139 спорт ойын алаңы (22 футбол манежі) бар.

2018-2020 жылдары Түркістан қаласында заманауи үлгідегі жасанды төсенішімен 40 ашық спорт алаңшалары салынып, пайдалануға берілді. (26 кіші футбол алаңы, 6 теннис корты, 5 стрит воркаут алаңы, 3 стрит бол). Сонымен қатар 7000 орындық Түркістан арена орталық стадионы мен жабық бассейіні бар спорт сарайы іске қосылды.

СӘУЛЕТ ЖӘНЕ ҚАЛА ҚҰРЫЛЫСЫ БОЙЫНША

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 25 қарашадағы №793 қаулысымен Түркістан қаласының бас жоспары бекітілді. Бас жоспарға сәйкес қала аумағының көлемі 22 370 гектарды құрайды.

Түркістан қаласының халқы санының болжамы БҰҰ-ның халықаралық стандартына сәйкес демографиялық болжау әдісімен орындалды. Осылайша, халықтың болжамды саны:

1. бастапқы жылға халық саны (2020 жыл) — 175 мың адам;

2. 1-ші кезектегі халық саны (2025 жыл) — 250 мың адам;

3. есептік мерзімдегі халық саны (2035 жыл) — 350 мың адам;

4. болжамды кезеңге халық саны (2050 жыл) — 500 мың адам.

Түркістан қаласының 8 аумағына, жалпы 3861,7 гектарға егжей-тегжейлі жоспарлау жобалары жасалып, қала әкімдігімен бекітілген.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *