Рашид Аюпов: "Бізге темірдей тәртіп қажет"

Рашид Аюпов: «Бізге темірдей тәртіп қажет»

48 просмотров

Рашид Аюпов: "Бізге темірдей тәртіп қажет"

Түркістанда жыл басынан бері қоғамдық орынға мас күйінде келу, бүлдіру, ластау, түнгі тыныштықты бұзу, белгіленбеген орында темекі шегу сынды заңбұзушылықтар жиі анықталған. Сондай-ақ, ең көп ұрлық, жылдамдығы жиі асырылатын көше, жолақтан кесіп өту көп болатын көшелер тізімі анықталып, нәтижесінде ол жерлерге бейнекамералар орнатылатын болады. Бұл жайында рухани шаһардың басшысы Рашид Аюповтың төрағалығымен өткен апталық мәжілісте сөз болды.

Рашид Аюпов: "Бізге темірдей тәртіп қажет"

Жиын барысында қала әкімі елдегі карантинге байланысты дүкен иелерінің келушілерден бетперде тағу және 2 метр ара-қашықтықты сақтау бойынша әлі де насихат жұмыстары дұрыс жасалмағанын айтып, әр ғимаратқа бетпердесіз кіргізбеу керектігін ескертті.

Рашид Аюпов: "Бізге темірдей тәртіп қажет"



«Бізге темірдей тәртіп қажет! Ең маңыздысы көгілдір отын мен тазалық. Тұрғындардың жайлылығы» деген Рашид Аюпов жағдайы төмен отбасылар үшін асарлатып, көмек көрсетілетінін айтты. Сондай-ақ, тәртіп сақшыларына жасөспірімдер, такси, автотұрақтар бойынша рейдтік шараларды көбейтуді тапсырды.

Айта кетейік, әкімдік қызметкерлері еліміздегі төтенше жағдайға байланысты бір күндік еңбекақыларын індеттің таралуына қарсы күреске аудармақ.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *