РАШИД АЮПОВ ИНФРАҚҰРЫЛЫМ МӘСЕЛЕЛЕРІНЕ СЫН АЙТТЫ

РАШИД АЮПОВ ИНФРАҚҰРЫЛЫМ МӘСЕЛЕЛЕРІНЕ СЫН АЙТТЫ

8 просмотров

РАШИД АЮПОВ ИНФРАҚҰРЫЛЫМ МӘСЕЛЕЛЕРІНЕ СЫН АЙТТЫ

«Мен барлық жерді өзім аралап, өзім қарап жүретін болсам, маған сіздердің не қажеттіліктеріңіз бар? Осының бәрін өздеріңіз қадағалар болсаңыздар, мен қаланы дамыту, инвестиция тарту сынды қаншама маңызды мәселелерді шешер едім. Уақытым — сіздердің жұмыстарыңызды қоса атқарумен өтеді»,  -деген Р. Аюпов қала әкімінің аппарат басшысынан, «Түркістан-Су» басшысы, «Жылу» мекемелері басшысының орынбасары және осы салаға жетекшілік ететін бас инспекторынан жылу, газ мәселелері уақытылы орындалмаған жағдайда қызметтен өз еркімен кететіні жөнінде арыздарын қабыл алды.

Биыл қаланы газбен қамту 100 пайызға жетіп, 1-2 мөлтек аудандардағы жылу жүйесі де газ түрінде беріліп, көмірді қолданатын мекемелер қатты отын түрін 1-қыркүйекке дейін алып, алдағы маусымға дайын болу керектігін ескертті.

Сонымен қатар, көпқабатты тұрғын үйлердің жертөлесіндегі келеңсіздіктерді бүгіннен бастап анықтап, реттеп, қысқы маусымда ешқандай қолайсыздық болмауын қамтамасыз етілуін тапсырды.

Көпқабатты үйлер жанында көшеде жөндеу жұмыстарына байланысты, онда кіріп-шығу да өте қиын екенін, осындай жағдайда тығырықтан шығудың жолын тауып, ертерек қамданбаған бөлім басшысына сын айтты.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *