Рашид Аюпов Түркістандағы құрылысы қарқынды нысандарды аралады

Рашид Аюпов Түркістандағы құрылысы қарқынды нысандарды аралады

24 просмотров

Рашид Аюпов Түркістандағы құрылысы қарқынды нысандарды аралады

Қала басшысы Рашид Аюпов құрылыс жұмыстары қарқынды жүріп жатырған бірнеше нысанды аралап шықты. Жұмысы қызып жатырған құрылыс алаңындағы атқарылып жатырған істерге баса мән беріп, ештеңені назарынан тыс қалдырмауға тырысты. Рухани-мәдени орталықтағы барлық нысандар бір-біріне жақын орналасқандығын айтып, сол себепті де салынған жолдардың көлікпен емес, жаяу жүргіншілерге негізделгенін сөз етті.

Аралау кезінде шаһар әкімі бұл нысандар келешекте қала үшін қызмет ететін орталықтарға арналатынын айтып, олардың сапалы құрылысына үлкен көңіл бөлінуі керектігін жеткізді. Орталыққа жақын орналасқан Батырбеков көшесіндегі үйлердің бұзылып жатқанын да айтты Рашид Абатұлы. Ұзындығы 700 метрді құрайтын жол Әбенов көшесіне дейін салынбақ. Жыл соңына дейін бұзылып бітеді деп жоспарланған үйлердің бұзу жұмыстарына тұрғындар да ат салысып, өз көмектерін көрсетіп жатыр. Жалпы саны 44 үйдің 26-сында толықтай бұзу шаралары толық аяқталған. Ал, құрылысы қарқынды жүріп жатырған «Керуен Сарай» кешені 1000-2000 адамды жұмыспен қамтиды деген жоспар бар.   

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *