Рухани құндылықтардың ордасы - "ғылыми-әмбебап кітапхана"

Рухани құндылықтардың ордасы — «ғылыми-әмбебап кітапхана»

5 просмотров

Рухани құндылықтардың ордасы - "ғылыми-әмбебап кітапхана"

Түркістан қаласының дамуына еліміздің барлық өңірлері ат салысып отыр. Әр облыс сан түрлі нысанның құрылысын өз мойнына алып, бүгінде біршамасы халық игілігіне ұсынылған. Қарт қаламыздың ежелден бергі ең жақын көршісі шырайлы Шымкент қаласы екені айдан анық. Жаңарған шаһардың дамуына Шым қалада өз көмегін көрсетіп, септігін тигізіп келеді. Ал, сыйға тартқан нысаны «ғылыми-әмбебап кітапхана» құрылысы бүгінде аяқталуға жақын қалған. Сыртқы және ішкі әрлеу жұмыстары жүргізіліп жатырған ғимарат қала көркін ашып, білімді ұрпақтың артуына өзіндік үлесін қосарына күмән жоқ.

Ғимараттың жалпы аумағы 8414 шаршы метрді құрайды. 3 қабаттан тұратын кітапханадан 250 мың кітапты тауып, бір сәтте 392 адам білімін толықтыра алады. Заманауи нысанда біршама жаңа технологиялар да қолданысқа ұсынылмақ. Атап айтқанда, оқырман өзі қалаған кітапты орнатылған экрандар арқылы таңдаса, бірер сәттен соң-ақ таңдауындағы кітапты қолына ұстай алады. Бұл кітапханадағы кезекті едәуір азайтып, іздеген нәрсеңді оңай табуға көп көмегін тигізетін дүние болмақ.

Рухани астанамызға жасалған сыйлықтың уақытында аяқталуын Шым шаһардың басшысы Мұрат Әйтенов өзінің жеке бақылауына алған.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *