РУХАНИ АСТАНА: Алдағы жылы бірқатар спорттық нысанның құрылысы аяқталмақ

РУХАНИ АСТАНА: Алдағы жылы бірқатар спорттық нысанның құрылысы аяқталмақ

28 просмотров

РУХАНИ АСТАНА:  Алдағы жылы бірқатар спорттық нысанның құрылысы аяқталмақ

«TURAN» футбол академиясының құрылыс барысын бақылаған өңір басшысы Өмірзақ Шүкеев мердігерлермен кездесті. 20 гектар жерде құрылысы басталған футбол академиясының инфрақұрылымы әлемдік стандарттарға сәйкес келеді және мұнда спортшыларға Еуропаның үздік клубтарына сәйкес жағдай жасалады. Жаңа кешенде еуропалық стандартқа сәйкес келетін 11 үлкен және шағын футбол алаңы, жасанды жабын, толық суару және дренаж жүйесі бар. Допинг-бақылау кабинеттері, 300 орындық қонақ үй, спортшыларға арналған монша, 3 мейрамхана, 4 конференц зал, медициналық, массаж кабинеттері, кір жууға арналған жеке блок және ас үймен жабдықталған. Жаттығу залы барлық топтарға арналған жабдықтармен жабдықталған. Футбол академиясының аумағы абаттандырылып, күрделі суару жүйесі жүргізіледі.

Түркістан қаласында ат спорты кешені де салынуда. 35 гектар жерде орналасқан кешенде Поло-клуб, манеж, стендтік атысқа арналған алаңқай, садақ атуға арналған алаң, канал арқылы өтетін көпір мен атпен серуендеу аймағы салынады.

Мұнымен қоса Түркістан қаласында республикалық және халықаралық спорттық жарыстарды, сондай-ақ бұқаралық спорттық іс-шараларды жоғары деңгейде өткізуге мүмкіндік беретін бірқатар спорт нысандары салынуда. Мұндай жұмыстар облыстың 2024 жылға дейінгі әлеуметтік-экономикалық дамуына арналған кешенді жоспарына сәйкес жүргізіліп жатыр.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.