РУХАНИ АСТАНА: Нашақорлыққа қарсы арнайы шара өтті

РУХАНИ АСТАНА: Нашақорлыққа қарсы арнайы шара өтті

17 просмотров

РУХАНИ АСТАНА: Нашақорлыққа қарсы арнайы шара өтті
26 маусым – Халқаралық нашақорлыққа қарсы күрес күні. Осы атаулы датаға орай «Балауса» жазғы демалыс лагерінде Облыстық полициясы департаментінің ұйымдастыруымен және Бекарыс Ақсақалұлының бастамасымен балалар және жасөспірімдер арасында спорттың бірнеше түрлерінен сайыс болып өтті.
Бұл іс — шараға арнайы Түркістан қалалық мәслихат депутаты Худияров Ғалымжан Батырханұлы да арнайы қатысты.
Спорттық шара барысында воллейбол, тенис, шахмат, шашка және сурет салудан арнайы сайыс түрінде жүргізілді. Сайысқа қатысушы кіл жүйрік спортшылар бар өнерлерін ортаға салды. Қызықты да, денсаулық үшін пайдалы спорттық додада жеңімпаздар анықталып жүлделі сый-сияпаттар табысталды.
Арнайы марапаттау рәсімінде сөз алған Ғалымжан Батырханұлы бүлдіршіндермен біршама сұқбат жүргізе отырып, олардың алдағы сабақтары мен қоғамдық жұмыстарына сәттілік тілеп, алғыс хаттармен түрлі сыйлықтармен марапаттады. Сайыстың ең жас қатысушы жеңімпазына заманауи смартфон сыйға тартылды.
Алдағы уақытта дәл осындай салауатты өмір салтын қалыптастыруға бағытталған пайдалы іс-шаралар өз жалғасын таба бермек.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.