РУХАНИ АСТАНА: Шаһарда 14 мың абонент кәріз жүйесімен қамтылмақ

РУХАНИ АСТАНА: Шаһарда 14 мың абонент кәріз жүйесімен қамтылмақ

7 просмотров

Үкімет соңғы жылдары халықтың әл-ауқа­тын, білімі мен денсаулық жағдайын жақсар­туға бағытталған бірқатар мақсатты бағдарла­ма­ларды қабылдап, жүзеге асырып келеді. Соның маңыз­дыларының бірі  су мәселесі болып табылады. Бұл ретте қала әкімі Нұрбол Тұрашбеков шаһардағы кәріз жүйесі құрылысының барысын аралап көрді. Қазіргі таңда «Тұран» мен «Ыждыхат» тұрғын үй алабы аумағында кәріз жүйелерінің құрылысы жүргізілуде.
Түркістан қаласы әкімдігінің «Инфрақұрылым және коммуникациялар бөлімінің» тапсырысымен жүзеге асқан жұмыстар аумақ тұрғындары үшін тек қолайлы орта қалыптастырып қана қоймай, жаңа жұмыс орны болып та табылды.
Түркістан–Кентау бағыты бойындағы көшелердің екі жақ бетінде алғашқы құрылыс былтыр басталған. Жыл соңына дейін жоспарлы жұмыстардың бірқатары аяқталады деп күтілуде. Мұнда атқарылар жұмыстардың нәтижесінде жалпы саны 14000-ға жуық абонент кәріз жүйесімен қамтылады деп күтілуде.
Одан өзге, М. Әбенова көшесінде болған Нұрбол Әбдісаттарұлы тасжолдың көлік қозғалысы үшін қолайсыздық туындататынын назарға алып, құрылыс құжаттамасын толығымен қайта қарайтынын атап өтті, нәтижесіне сәйкес көшеге жөндеу жұмыстары жүргізілетінін мәлімдеді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.