РУХАНИ АСТАНА: Түркістанда 9627 адам атаулы әлеуметтік көмек алған

РУХАНИ АСТАНА: Түркістанда 9627 адам атаулы әлеуметтік көмек алған

23 просмотров

РУХАНИ АСТАНА: Түркістанда 9627 адам атаулы әлеуметтік көмек алған
Елдің әлеуметтік ахуалын нығайту бағытында қолға алынған шаралар Түркістан шаһарында да жалғасын табуда. Республика көлемінде демографиялық өсім бойынша алда келе жатқан қалада бұл мәселе өзектілігін жоймақ емес.
2021 жылдың 3 айында Түркістан қаласы бойынша мемлекеттік Атаулы әлеуметтік көмек 1791 отбасының 9627 адамына берілді. Оның ішінде 7442 адамға аталған көмек шартты түрде, 2185 адамға шартсыз түрде тағайындалды. Бұл туралы «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің» басшысы Нұрбибі Бурибаева қала әкімінің төрағалығымен өткен есеп беру мәжілісте мәлімдеді.
Сондай-ақ, атаулы әлеуметтік көмек алушы отбасылардың 1-6 жас аралығындағы 1892 балаға кепілдендірілген әлеуметтік топтама тағайындалып, демеушілер есебінен аз қамтылған 1720 отбасына азық-түлік себеттері берілді. Оның ішінде “Ел тірегі – Елбасы” акциясы аясында 960 отбасына, демеушілер есебінен 760 отбасын азы-түлікпен қамтылып және 100 отбасына 50 000 теңге қаржылай көмек берілді.
2021 жылдың соңына дейін аз қамтылған отбасыларын әлеуметтік қолдау үшін бірқатар жоспар жасалып, жүйелі жүзеге асырылуда. Атап айтқанда, еңбекке қабілетті отбасы мүшелерін қоғамдық, әлеуметтік, тұрақты жұмыстарға орналастыру және жастар тәжірибесіне жолдау бойынша қала тұрғындарының 72,5% жұмыспен қамту жоспарланса, бүгінде оның 39,1%-ы жүзеге асқан.
Айта кететіні, 2021 жылы аз қамтылған азаматтардың үлесі төмендеген, 2020 жылдың I тоқсанында 8,8 % құраса, 2021 жылы 5,3 пайызды құрап отыр.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.