РУХАНИ АСТАНА: Түркістанда алты баланың анасы өмірге үшем әкелді

РУХАНИ АСТАНА: Түркістанда алты баланың анасы өмірге үшем әкелді

43 просмотров

РУХАНИ АСТАНА: Түркістанда алты баланың анасы өмірге үшем әкелді

Түркістанда жыл басынан бері алтыншы үшем дүниеге келді. Ал  бұл жолы дәрігерлер шала туған үш сәбидің өмірін сақтап қалған.

Берілген мәліметтер бойынша нәрестелер Түркістан қаласында орналасқан № 3 облыстық перинаталдық орталығында өмір есігін ашты. Үш ұл баланы 39 жастағы Дилхумар Юсупова ота арқылы босанған. Дәрігерлер туғанда салмағы небәрі 1,7 келі (1700 грамм, бойы — 40 см, 1700 грамм, бойы — 39 см, 1970 грамм — бойы 42 см) болған үш сәбиді 13 күн бойы күтіп, баққан. Мерзімінен ерте туылған үшем перзентхана дәрігерлерінің жіті бақылауына алынған.

Медицина мамандарының тікелей бақылауында болған сәбилер салмақ қосып, жағдайлары түзелген. Түркістандық дәрігерлердің біліктілігі мен күтімінің, тынымсыз еңбегінің арқасында шала туған шақалақтар аман қалып, анасы оларды бауырына баса алды. Дәрігерлерді айтуынша, қазір олардың өміріне төніп тұрған қауіп жоқ.

Нәрестелерге туған-туыстары Хасан, Хусан және Мухаммад деген есімдер беріпті. Айта кетсек, үшем дүниеге келген отбасының төрт қызы мен екі ұлы бар. 39 жастағы келіншек 9 баланың анасы атанды. Көпбалалы ана үй шаруасында, ал отағасы қарапайым жұмысшы.

Былтыр № 3 ОПО-да орталығында 10 мыңға жуық сәби дүниге келді. Жыл басынан бері мұнда 6 мың нәресте дүниеге келген. Орталық дәрігерлері жыл сайын жүздеген шала туған нәрестелердің өмірін сақтап қалуда.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.