РУХАНИ АСТАНА: Түркістанда 101 азамат инватакси игілігін көріп отыр

РУХАНИ АСТАНА: Түркістанда 101 азамат инватакси игілігін көріп отыр

34 просмотров

РУХАНИ АСТАНА: Түркістанда 101 азамат инватакси игілігін көріп отыр
Мүмкіндігі шектеулі азаматтардың жүріп-тұруына ыңғайлы болуы үшін әлемнің көп елдері мен қалаларында  инватаксилер пайда болды. Қазақстан да мұндай жаңалықтан шет қалған жоқ. Қазір мұндай қызметтер Қазақстанның әрбір ірі қаласында бар.
2020 жылдың 1 қаңтарынан Республика бойынша ерекше қажеттілігі бар азаматтар үшін іске асқан «Әлеуметтік қызметтер порталы» жүйелі жүзеге асырылуда. Аталған қызметті алу үшін, шаһарда 2120 азамат есепке тіркеліп, оның 1530-ы қызметке жүгінген. Қала бойынша портал арқылы 182 түрлі әлеуметтік құралмен 528 адам қамтылып отыр.
Ерекше қажеттілігі бар азаматтарға әлеуметтік қызмет көрсетудің «инватакси» қызметі де қолданылуда. «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің» басшысы Нұрбибі Бурибаеваның есептік жиындағы мәліметіне сәйкес, биыл 101 азамат «инватакси» қызметіне жүгінген.
Оңалтудың жеке бағдарламасы бойынша санаторий-курорттық емделу үшін 786 азамат жолдамамен қамтылды. Ал, жеке көмекшінің әлеуметтік қызметінде I топтағы ерекше қажеттілігі бар 462 азамат және есту-ымдау мамандары қызметіне 58 азамат жүгінді. Сонымен қатар, 300 ерекше қажеттілігі бар бала үйде оқу көмегін, 14 бала кешенді әлеуметтік қызметін алды. Және де биыл әлеуметтік көмек көрсетуде қала тұрғындары мен кәсіпкерлері де белсенділік танытты. Атап айтқанда, Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен Түркістан қаласының тұрғыны, жалғыз басты қарт мүгедек ананың тұрғылықты мекен-жайына барып тұрмыстық көмектер көрсетті, демеушілер есебінен 10 азаматқа 15000 теңге көлемінде әлеуметтік пакет табысталды.
Қазіргі таңда ерекше қажеттілігі бар азаматтар үшін көптеген мәдени-қоғамдық іс-шараларды ұйымдастыру жұмыстары, жазасын өтеген азаматтарды қоғамдық ортаға кірістіру бойынша да жұмыстар жүргізілуде.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.