РУХАНИ АСТАНА: Түркістандықтар алдағы уақытта теннис және мәнерлеп сырғанаумен айналыса алады

РУХАНИ АСТАНА: Түркістандықтар алдағы уақытта теннис және мәнерлеп сырғанаумен айналыса алады

24 просмотров

РУХАНИ АСТАНА: Түркістандықтар алдағы уақытта теннис және мәнерлеп сырғанаумен айналыса алады
Түркістан қаласында республикалық және халықаралық спорттық жарыстарды, сондай-ақ бұқаралық спорттық іс-шараларды жоғары деңгейде өткізуге мүмкіндік беретін бірқатар спорт нысандары салынуда. Мұндай жұмыстар облыстың 2024 жылға дейінгі әлеуметтік-экономикалық дамуына арналған кешенді жоспарына сәйкес жүргізіліп жатыр.
Мәселен Түркістан қаласында теннис орталығының құрылысы қарқынды жүріп жатыр.   Сәуір айында құрылысы басталған орталық келер жылы толық пайдалануға берілмек. Жоба мақсаты — жоғары дәрежелі спортшыларды дайындап, өңірде теннисті дамыту. Өмірзақ Шөкеев Түркістан қаласындағы олимпиадалық резерв мектебінің әкімшілік ғимараты мен жатақхананың құрылыс алаңында да болды. 4 гектар жерде орналасқан кешеннің құрылысы жыл соңына дейін аяқталады.
Облыс әкімінің тікелей бақылауымен облыс орталығында мұз айдынының құрылысы да салынуда. 2 гектар жерде орналасқан әлемдік стандарттарға сай мұз айдыны 1200 адамға есептелген. Заманауи кешен 2022 жылдың соңында ел игілігіне беріледі. Бұл спорттық нысандар өңірімізден ел намысын қорғайтын спортшылардың шығуына және бұқаралық спортты дамытуға оң септігін тигізері сөзсіз.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.