СҰЛТАН МАХМҰД ТӨРЕ

СҰЛТАН МАХМҰД ТӨРЕ

4 просмотров

СҰЛТАН МАХМҰД ТӨРЕ

Туылған жылы белгісіз. Ғылыми әдебиеттерде ол туралы мәлімет әзірге кездеспейді. ХІХ ғасырдың аяғында шығыстанушы ғалым П.Н. Ахмеров, 1978–1982 жж. шығыстанушы-ғалым Ə. Дербісалиев құлпытастағы араб тіліндегі жазуды аударған. Жоғарыдағы ғалымдардың аудармасы бойынша «Бұл қасиетті құлпытас Сұлтан Махмұд төре Ата-қожаұлына қойылған. Қайтыс болған жылы /1288 хижра жылы/. 1870 жыл» – деген мәлімет берілген. Құлпытас № 923.

Айта кетсек, Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне 300-ден аса тарихи тұлғалар жерленген болса, қорық-мұражай мамандарының зерттеулері нəтижесінде сол тұлғалардың бүгінгі таңға 214-і анықталған.

Қорық-музей қорында 25000 дана құнды тарихи жəдігерлер қордаланған. Олардың арасындағы жазба, археологиялық этнография жəне нумизматикалық тобына жататын жəдігерлердің талапқа сай сақталуы үшін соңғы үлгідегі арнайы құрылғылар сатып алынып орнатылды. Қор бөліміндегі еңбек ететін реставраторлар Ресейден арнайы біліктілікті жоғарылату курстарын оқып келген мамандар.

Қолданылған материалдарға міндетті түрде www.egemen.kz сайтына гиперсілтеме берілуі тиіс / Любое использование материалов допускается только при наличии гиперссылки на egemen.kz: https://egemen.kz/article/198584-qodga-akhmet-yasaui-kesenesi-dgane-tarikhi-tulghalar-men-oryndar-dgayly-malimet-
© egemen.kz

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *