САҚ БОЛУ КЕРЕК, МАҒАН ДА, СІЗГЕ ДЕ...

САҚ БОЛУ КЕРЕК, МАҒАН ДА, СІЗГЕ ДЕ…

11 просмотров

САҚ БОЛУ КЕРЕК, МАҒАН ДА, СІЗГЕ ДЕ...

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа телевизиялық үндеу жасады. Мемлекет басшысы қазір әлемдегі пандемияға байланысты қалыптасқан жағдайдың өте күрделі екендігін атап өтті.
Дәл қазіргідей індет үдеп жатқанда, ел есенгірет қалғандай күй кешкен сәтте мемлекет басшысының ел алдына шығып, үндеу жасауы өте орынды. Өкінішке орай, аты жаман аурудан алаштың апталдай азаматтары мен қазақтың құрметтілері де бақилық болып жатыр. Қасым-Жомарт Кемелұлының елмен бірге екенін және қаза тауып жатқан қазақстандықтарға бей-жай еместігін білетін едім, сенетін едім. Үндеуде осыны өз аузынан естідім. «Әр азаматымыздың қазасы менің жүрегіме қатты батады»-деді Президент. Сондай-ақ, қара жамылып отырған азаматтардың қайғыларына ортақтасып, елімізде 13 шілдені – Ұлттық аза тұту күні деп жариялады. Мойындау керекпіз, өзіміздің де салғырттығымыздан, ескертсе де елемей, айтса да сенбей жүргенімізден осындай күйге жеттік.
Енді вирустың бар екеніне сенбеген жан қалмаған шығар. Өзіміз үшін сақтанайық. Өзіңізді бағаламасаңыз да басқаларға зияныңыз тимесін. Талапқа қарап тіршілік етіңіз.
Сабырлық – ол бойында көркем мінез және жүрегінде иманы бар адамның негізгі сипаты. Бұл уақытша. Тек сыналатыны сабырыңыз, қалатыны қадіріңіз. Індетпен күрестің нәтижелі болуы, ең алдымен, барша жұрттың саналы әрекеті мен жауапкершілігіне байланысты.

БЕКБОЛ ОРЫНБАЙ,

Отырар ауданның белсенді жасы.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *