САҚТЫҚ ПЕН САБЫР КЕРЕК

САҚТЫҚ ПЕН САБЫР КЕРЕК

27 просмотров

САҚТЫҚ ПЕН САБЫР КЕРЕК

Дана қазақ нені айтса да дөп айтқан, тауып айтқан. Қазақ «Сақтықта қорлық жоқ» дейді. Сондай-ақ, «Құдай сақтанғанды сақтайды» деп тәмсіл айтады. Біз осы екі сөзге де ұйимыз. Иә, сақтансаң ғана аман қаласың. Құдіреті күшті Жаратқан сақтанғанды ғана сақтайды екен.

Өзіңіз де ойланып көріңізші, көшеде, адам көп жүретін орындарда, жұмыста бетпердесіз жүрсеңіз, той тойлап қыдырсаңыз, сізді коронавирус айналып өтеді ме? Бірақ біз осыны біле тұра сақтық шараларын жасамаймыз. Әуелі «коронавирус жоқ» деп даурықтық. Індет жақын-жекжаттарымызды, бауырларымызды қынадай қырып бара жатқанын көріп қана есімізді жидық. Осы кезде адамдар дәріханалардан жаппай дәрі алып іше бастады. Кейбір әсіресақтанғыштар дәріні ертеңге деп көтере сатып алғанын да естідік. Содан барып дәрі керек адамға жетпеді.

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Үкімет отырысын өткізіп, барлық жағдайды өз бақылауына алды. Шетелдерден гуманитарлық көмек ретінде дәрі-дәрмектер жеткізілді. Шетелдік дәрігерлер емдеуге келіп, коронавируспен қалай күресу керектігі жөнінде кеңес беріп, науқастармен қоян-қолтық араласып, емдеу ісімен айналысып жүр. Міне, осындай шаралардың нәтижесінде елімізде қатерлі дерттен көз жұмғандар саны төмендей бастады.

Айналайын, ағайын! Ел Президенті бастап, Үкімет қоштап,  халқымыздың төтеннен келген мына індетті жеңіп шығуы үшін қолынан келгенін жасап жатыр. Өз денсаулығыңыз – өз қолыңызда. Дәрігерлердің тағайындауынсыз дәріханадан бей-берекет дәрі сатып алып, өз беттеріңізше емделмеңіздер.

Қазір бәрі тұрақталып келеді. Бәрі де артта қалады, тек қана сақтық пен сабыр керек.

Ақберен Амангелді,

«Түркістан газеті»

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *