САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫ ДӘРІГЕРДІҢ СӨЗІМЕН

САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫ ДӘРІГЕРДІҢ СӨЗІМЕН

7 просмотров

САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫ ДӘРІГЕРДІҢ СӨЗІМЕН

Қауіпті індетпен күресте дәрігерлерге зор жауапкершілік жүктеліп отыр. Біз халықтың денсаулығын сақтау үшін жұмыс істеп жатырмыз. Бұл – біздің міндетіміз.

Коронавирус инфекциясы табылған науқастар тұратын үйлерді жедел оқшаулап, дәрігерлік бақылауға алынады. Ал, карантинде алынған науқастарды күніне үш сағат сайын термометриядан өткізіп отырады. Телефонмен хабарласып, видеобайланыс арқылы карантиндегі адамдардың жағдайын біліп, шағымдарын сұраймыз. Олардың барлығын бақылауда ұстап отырмыз. Инфекция белгісі бар науқастарды қабылдау үшін емханада провизорлық бөлімше ұйымдастырылды. Коронавирус инфекциясының белгісі болуы мүмкін деген күдікпен келген науқастарды аталған бөлімшеде қабылдап, мұрнынан сынама алынады.

Дәрігердің міндеті – халықтың денсаулығын сақтау. Біз өз міндетімізді бұрыннан адал атқарып жүрміз. Әсіресе, қазіргі қиын жағдайда дәрігерлерге жүктелген жауапкершілік бұрынғыдан да еселеп арта түсті.

Емханада науқастарды қабылдау онлайн режимге көшірілді. Дәрігерлер есепте тұрған, бізге хабарласқан тұрғындарға онлайн кеңес беріп жатыр. Әсіресе, жүкті әйелдер, жаңа туған сәбилер ерекше бақылауға алынды.

Біз сақтық шараларына баса мән беруіміз қажет. Өйткені, халықтың денсаулығын сақтауға жауапты дәрігерлер де сақтық шараларын сақтауы керек. Мұны тұрғындарға да ұдайы айтып отырамыз. Бұл індет жұқпайды деп алаңсыз жүруге болмайды. Сақтану шараларын қатаң ұстану арқылы ғана қауіпті індеттің таралуын тоқтата алатынымызға сенімім мол.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *