Сабыр мен бірліктің арқасында ғана қауіпті індетпен күрес өз натижесін бермек

Сабыр мен бірліктің арқасында ғана қауіпті індетпен күрес өз натижесін бермек

3 просмотров

Сабыр мен бірліктің арқасында ғана қауіпті індетпен күрес өз натижесін бермек

Жуырда Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев елдегі ахуалға байланысты мемлекеттік телеарналар арқылы халыққа үндеу жариялады. Үндеуде Мемлекет Басшысы пандемия кезінде Қазақстан ұшырасқан мәселелер, елде қалыптасқан ахуал жөнінде мәлімдеді.

 «Індетпен күрестің нәтижелі болуы ең алдымен барша жұрттың саналы әрекеті мен жауапкершілігіне баланысты. Бұл өте қауіпті, батпандап кіретін, мысқалдап шығатын дерт. Коронавирустың таралуына байланысты денсаулық сақтау жүйесіне көп ауыртпалық түсуде», – деп мәлімдеді Президент.

Расында да бұл індет елді біраз әбігерге салды. Десе де дәл қазір еңсені түсіруге болмайтын уақыт. Алып-қашпа әңгімелерге еріп, елді дүрліктіруге болмайды. Үкімет, оның ішінде Денсаулық сақтау министрлігі індетпен күрестің барлық шараларын қарастыруда. Індетпен барша дәрігерлер, бүкіл адамзат күресуде. Сондықтан да қазір ел тұрғындарын сабырлы болуға, дәрігерлер нұсқауларын орындауға шақырар едім. Сабыр мен бірліктің арқасында ғана қауіпті індетпен күрес өз натижесін бермек.

Талғат Қалдыбеков

Созақ аудандық орталық ауруханасының Бас дәрігері

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *