САЙРАМ: Жаңа форматтағы міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі

САЙРАМ: Жаңа форматтағы міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі

29 просмотров

САЙРАМ: Жаңа форматтағы міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі

Ауданымызда азаматтардың әлеуметтік мәртебесін анықтау жұмыстары аудандағы ауылдық округтеріндің ұйымдастырылып, сақтандырылмаған 48911 азаматтар санаттары толығымен анықталды. Ауыл әкімдерінің бекітіп ұсынған мәліметтеріне сүйенсек, аудан бойынша өз бетінше жұмыс істеп, еңбегін заңдастырмаған өзін-өзі жұмыспен қамтығандар саны 43357 құрап отыр. Оларға бірыңғай жиынтық төлемін төлету мәселесіне тоқталсақ, бүгінде 3617 тұлғаның еңбегі заңдастырылып,әлеуметтік санаттары сақтандырылды.

Ақбұлақ ауыл округі жоспарланған 611 азаматтың 210-на, Ақсукент ауылы 6164 азаматтың 522-не, Арыс ауылы 2423 адамның 139-на, Жібек жолы әкімдігі міндеттелген 944 тұрғынның небәрі 79-на ғана, Қарасу ауылы 4121 азаматтың 238-не, Қарабұлақ ауылында өздігімен жұмыспен қамтылған 10615 азаматтың 724-не ғана, бірыңғай жиынтық төлемін төлеген.

Ал Қайнарбұлақ ауыл округінде заңдастыру шаралары қарқынды іске асып, өздігімен жұмыспен қамтылғандардың 14 пайызы немесе 225 тұлғаның еңбегі заңдастырылған. Көлкент ауылында өзін-өзі жұмыспен қамтығандар саны 5223 азаматты құраса, оның 335-нің ғана еңбегі заңдастырылып, әлеуметтік санаттары сақтандырылған. Құтарыс ауылы 744 азаматтың 206 на, Қарамұрт ауыл әкімдігі 3344 азаматтың небәрі 145-не ғана, ал, Макент ауыл округі 7543 тұлғаның 900-не төлем жүйесін іске асырып, сақтандырылғандар үлесін 12 пайызға орындаған.  Осындай талдаудың нәтижесі ауылдық округтерде аталған бағыт бойынша жұмыс жүйелі жүргізілмегені анық. Жаңа форматтағы міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің маңыздылығы жөнінде тұрғындар арасында толық түсінік қалыптастыру мақсатында түсіндіру жұмыстары тұрақты жүргізілуде.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.