САЙРАМ: «Абай мұрасы – халық ұлағаты» атты аудандық әдеби оқу байқау

САЙРАМ: «Абай мұрасы – халық ұлағаты» атты аудандық әдеби оқу байқау

109 просмотров

САЙРАМ: «Абай мұрасы – халық ұлағаты» атты аудандық әдеби оқу байқау
«10 тамыз – Абай күніне» орай ұлы ақын Абай Құнанбаевтың
«Абай мұрасы – халық ұлағаты» атты аудандық әдеби оқу байқауының ЕРЕЖЕСІ
1.Байқаудың мақсаты:
1. Абайдың әдеби мұрасын, шығармашылығын насихаттау арқылы қазақтың тілі
мен әдебиетіне ықылас арттыру;
2. Жастардың оқу мәдениетін, әдеби талғамын қалыптастыру;
4. Көркем әдебиетті насихаттауды жандандыру;
2. Байқаудың шарттары:
I кезең. «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін…» Абай Құнанбаевтың поэзиялық шығармасын жатқа оқу (2-3 минут);
II кезең. «Абай сөзі – ақылдың көзі» Абай Құнанбаевтың бір қара сөзін жатқа оқу (2-3 минут);
3. Байқауды өткізудің тәртібі
1. Байқау мемлекеттік тілде өткізіледі.
2. Байқауға 17-35 жас аралығындағы оқырмандар қатыса алады.
3. Үміткер өзі туралы мәліметтерді 6 тамызға дейін жіберу қажет.
4. Әділқазылар алқасы байқауға қатысушылардың өнерін бағалау кезінде тіл
тазалығына, орындау шеберлігіне, өзін-өзі ұстауына назар аударады.
4. Өткізілетін орны мен уақыты:
Сайрам ауданы, Арыс ауыл округі, Қожақорған елді мекені, Меңлібаев көшесі № 50, «Арыс» тойханасы, 2021 жылғы 10 тамыз, сағат 11:00.
5. Байқауға қатысатын үміткерден талап етілетін құжаттар
— Үміткер қатысушы туралы қысқаша мәлімет:
— Үміткер қатысушының туу туралы куәлік немесе жеке куәлік құжаттарының көшірмесі
6. Бағалау талаптары және жеңімпаздарды марапаттау:
І орын (біреу)
ІІ орын (біреу)
ІІІ орын (біреу)
Номинациялық орын (екеу)
Жеңімпаз атанған үміткерлерге сыйлықтар, арнайы дипломдар мен Алғыс хаттар тапсырылады.
7. Кері байланыс
Байқауға қатысатын үміткерлер шарт бойынша әзірленген жұмыстарын Сайрам ауданы, Ақсу ауылындағы Абылай хан көшесі №41 мекенжайында орналасқан аудандық орталық кітапхананың кітапхананы дамыту және ақпараттық-библиографиялық қамтамасыз ету бөліміне тапсыруы қажет немесе aygerim.kaltaeva@mail.ru поштасына жолдауы керек.
Байқау онлайн немесе офлайн форматта өтетіндігі туралы қосымша хабарлаймыз.
Байланыс телефоны: 21-824(87079937883, 87029005383)

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.