САЙРАМ: 18 миллион қазақ халқым сенім артып отыр

САЙРАМ: 18 миллион қазақ халқым сенім артып отыр

17 просмотров

САЙРАМ: 18 миллион қазақ халқым сенім артып отыр

«Жекпе-жек оңай болған жоқ. Қарсыласым өте мықты боксшы. Бұған дейін екеуіміз екі мәрте рингте кездескенбіз. Есебіміз – 1:1. Кейінгі жарыста мен оған жол берген едім. Сондықтан осы жолы кеткен есемді қайтаруға шықтым. Жеке бапкерімнің жоспарын дұрыс орындап жеңіске жеттім. Елді ары қарай қуанту үшін бар күш-жігерімізді саламыз. Жеке бапкеріммен қарсыласымды жіті зерттедік. Ол жалғыз соққы көп жасайды, сондықтан қарымта соққылар жасау керек болды. Жақын қашықтықта тұрмау, жылдам жұдырықтасу деген жоспар қойылды. Соны орындап шықтым”, – дейді спортшы.

Негізгі мақсаты халықтың сенімін ақтау екенін де атап өтті.

“Олимпиадада бәрі қолдарынан келгенше тырысып жатыр. Сондықтан оңай болып жатқан жоқ. Соңғы раундта шаршадым, бірақ артымда 18 миллион қазақ халқы сенім артып отырғандықтан бар күш-жігерімді салдым. Келесі қарсыласым Эскобардың жекпе-жектерін көріп жүрмін. Бірақ шаршы алаңда кездескен жоқпыз. Жеке бапкеріммен жоспар құрып, жеңіске жетіп, елімді қуантамыз”, – деді Бибосынов.

Еске салсақ, бұған дейін боксшы Сәкен Бибосынов Токио Олимпиадасының ширек финалына шыққаны айтылған еді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.