САЙРАМ: Аудандық маңызы бар жолдар жөнделуде

САЙРАМ: Аудандық маңызы бар жолдар жөнделуде

33 просмотров

САЙРАМ: Аудандық маңызы бар жолдар жөнделуде

Сайрам ауданында жол жөндеу және көше жарықшамдарын орнату жұмыстары қарқынды жүргізіуде.

Ағымдағы жылы Көлкент ауылдық округіне қарасты М.Оразалиев елді мекеніндегі Абай көшесіне жобалық сметалық құны -10 млн 399 мың теңгеге жаяу жүргіншілерге аяқ жол жөндеу жұмыстарына қаржы қаралып, баға ұсынысын сұрату тәсілімен өткізілген мемлекеттік сатып алу бойынша 5 млн 300 мың теңгеге «RS GROUP» мердігер мекемесі жеңімпаз атанып бүгінгі күнде жұмыстарын бастады, құрылыс жұмыстары тамыз айында аяқталуы жоспарда.

Аталған округке қарасты Ақсуабад ауылы Қарабұлақ көшесіне көше жарықшамдарының жобалық сметалық құны – 8 млн 140 мың теңге қаржы қаралып, баға ұсынысын сұрату тәсілімен 3млн 450мың теңгеге жеңімпаз «Арынғазы» мердігер мекемесі құрылыс жұмыстарын аяқтады, жарықшамдарды қосуға әкімшілік тарапынан құжаттары рәсімделуде.

Сонымен қатар, Ақбұлақ ауылдық округінде 32 көше бар, бүгінгі таңда 30 көшеге орта жөндеу жұмыстары жүргізіліп барлығы-90% құрап отыр. Ауыл орталығына аудандық маңызы бар Ә.Құрмантаев көшесі өткен. Облыстық маңызы бар көше КХ-3 «Көксәйек-Ақсукент –Шаян» автожолының Ақбұлақ ауылынан өтетін бөлігіне орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.