САЙРАМ: Аудан бойынша жалпы 42,1 шақырым жол жөндеуден өтуде

САЙРАМ: Аудан бойынша жалпы 42,1 шақырым жол жөндеуден өтуде

23 просмотров

САЙРАМ: Аудан бойынша жалпы 42,1 шақырым жол жөндеуден өтуде

Сайрам ауданы аумағында жалпы 1 276 шақырым автокөлік жолы бар. Оның 55,5 пайызы қанағаттанарлық жағдайда. Биыл аудан бойынша жалпы 42,1 шақырымды құрайтын 25 көше жөндеуден өтуде. Бұл туралы Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі мәлімдеді.
Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің тапсырмасына сай, 40 жыл бойы жөндеу көрмеген Сайрам және Төлеби аудандарын қосатын күрежолға асфальт төселеді. Облыстық маңызы бар КХ-3 «Көксәйек-Ақсу-Шаян-Мыңбұлақ» автомобиль жолының 22,5 шақырымы орташа жөндеуден өтуде.
2020 жылы бастау алған жол жөндеу жұмыстары тамыз айында толықтай аяқталады. Жауапты мердігер мекеме — «Корпорация Сити-Строй» ЖШС. Жаңарған жол бойындағы аяқжолдар да орташа жөндеуден өткізілмек.
Бұдан бөлек,  30 көшеге орта жөндеу жұмыстары жүргізіліп барлығы-90% құрап отыр. Аудандық маңызы бар Ә.Құрмантаев көшесі өткен. Облыстық маңызы бар көше КХ-3 «Көксәйек-Ақсукент –Шаян» автожолының Ақбұлақ ауылынан өтетін бөлігіне орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Ағымдағы жылы Көлкент ауылдық округі М.Оразалиев елді мекені Абай көшесіне құрылыс жұмыстары бастау алды, тамыз айында аяқталуы жоспарда.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.