САЙРАМ: 1012 мал бордақылау алаңдары бар

САЙРАМ: 1012 мал бордақылау алаңдары бар

35 просмотров

САЙРАМ: 1012 мал бордақылау алаңдары бар

Сайрам ауданында барлық шаруашылықтарда мал басы көбейген. Ағымдағы жылдың 6 айында ет өндірісі 9,3%-ға, сүт – 5%-ға, жұмыртқа – 5,5%-ға артқан. Жыл басынан аудан кәсіпкерлері алыс-жақын шетелдерге жалпы көлемі  9250 тонна ет экспорттаған, былтырғы жылға қарағанда 4,5 мың тоннаға артық орындалып отыр.

Жалпы, ауданда жылдан-жылға мал бордақылау алаңдары артып келеді. Мәселен, қазірдің өзінде аудандағы 1012 мал бордақылау алаңдары бір мезетте 42 мың бас малды бордақылауға қауқарлы.

Мал азығын даярлауға қатысты ақпаратты айтар болсақ, алдағы қыс айларына аудан 534 мың тонна сояулы мал азығы керек екен. Бүгінде 420 мың тоннасы дайындалып, шамамен 80%-ға орындалды. Жер көлемінің жетіспеушілігінен жем-шөптің 50%-ы көршілес аудандардан (Ордабасы, Түлкібас, Отырар) жиналады. Қазіргі таңда сабан жинау науқаны басталды. Сөйтіп, биыл мал азығын 100%-ға даярлаймыз деп жоспарлап отыр сайрамдық шаруалар. Бүгінгі күнге дәнді-дақылдарды жинау жұмыстары басталған, орташа түсім гектарынан 12 центнерді  құрады.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.