САЙРАМ: Ауыл шаруашылығының өсімі көпті таң қалдыруда

САЙРАМ: Ауыл шаруашылығының өсімі көпті таң қалдыруда

16 просмотров

САЙРАМ: Ауыл шаруашылығының өсімі көпті таң қалдыруда

Қазіргі таңда Сайрам ауданының пайдалануындағы жер көлемі 114761 гектарды құрап отыр. Шикізат экспортына тәуелді Қазақстанның қазіргі экономикасы шағын және орта бизнесті дамытуға аса мүдделі. Осы тұрғыда әсіресе «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасының Сайрам ауданында іске асырылу барысы қалыпты деңгейде жүруде. Үдемелі индустриалды-инновациялық даму бағдарламасы бойынша жұмыстар атқарылып жатыр.

Сайрам ауданындағы ауыл шаруашылығының өсімі көпті таң қалдыруда. Бұлай дейтін себебіміз, 2021 жылдың қаңтар және сәуір айлары арасындағы жалпы өнім көлемінің 105,1 %-ға артқан. Дәлірек айтар болсақ, көрсетілген уақыт ішінде 18 841,9 млн. теңге пайда түскен. Оның ішінде, мал шаруашылығынан 18224,3 млн. теңге өнім түссе, тиісінше өсімдік шаруашылығынан 567,6 млн. теңгенің өнімі өндірілген.

Бұл көрсеткіш мамыр айында да өз дәрежесінен түскен жоқ. Мәселен, мал шаруашылығының барлық санаттарында 11171,4 тонна — мал мен құс еті өндірілсе, 46696,9 тонна — сүт, 5998,8 мың дана туық жұмыртқасы сатылымға шыққан.  Өткен жылғы дәл осындай уақытпен салыстырғанда ет өндіру – 10 %, сүт – 4,1 % және жұмыртқа – 5 % артқан. Бұл көрсеткіштер төккен тер мен адал еңбектің нәтижесі. Сондықтан, аянбай қызмет етіп жүрген шаруаларға алғыстан өзге айтарымыз жоқ.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.