САЙРАМ АУДАНЫНДА ІНДЕТТІҢ АЛДЫН АЛУ ШАРАЛАРЫ КҮШЕЙТІЛДІ

САЙРАМ АУДАНЫНДА ІНДЕТТІҢ АЛДЫН АЛУ ШАРАЛАРЫ КҮШЕЙТІЛДІ

13 просмотров

САЙРАМ АУДАНЫНДА ІНДЕТТІҢ АЛДЫН АЛУ ШАРАЛАРЫ КҮШЕЙТІЛДІ

Түркістан облысы Сайрам ауданындағы 11 ауыл округінде 42 елдімекен бар. Бүгінгі таңда аудан аумағынан 2 адам Covid-2019 індетін жұқтыраны анықталды.Осыған байланысты карантинге жабылған Ханқорған ауылында тауарлардың бағаларын шектен тыс көтермеу және төтенше жағдайдың алдын алу мақсатында әлеуметтік дүкен ұйымдастырылды.

Қазіргі таңда аудан әкімдігінде арнайы құрылған жұмыс топ төтенше жағдайға байланысты тиісті құрылым жұмыстарын үйлестіруде.

Төтенше жағдай режимін қамтмасыз ету жөніндегі аудандық комиссияның іс-шаралар жоспары бекітілген кестеге сай тұрақты жалғасуда.

Бүгінгі таңда ауыл округтерінде, елдімекендерде қоғамдық орындармен әлеуметтік нысандарда дезинфекциялау шаралары күнделікті кестеге сәйкес жүргізілуде. Аудан аумағында 956 кәсіпкерлік нысан тұрғындарға қызмет көрсетеді. Оның ішінде 33 тойхана, 766 сауда орны және 160-қа жуық қоғамдық тамақтану орындары бар.

Оларды дезинфекциялау жұмыстарын кәсіпкерлер өз жауапкершілігіне алған.

Қазіргі таңда жұмысшы топ тарапынан қадағалау шаралар жүргізілуде.

Аудан аумағындағы 2 мал базары жұмысын уақытша тоқтатты (Ақсукент және Қарабұлақ а/о) Сонымен қатар аудан аумағындағы «Манкент» шипажайы 16 наурыздан демалушыларды қабылдауды тоқтатты.

Қазір аудан көшелерінде дезинфекциялау жұмыстары күшейтіліп, бұл шараға аудандық төтенше жағдайлар басқармасы тарапынан қолдау көрсетілуде.

Өрт сөндіруге арналған көліктердің мүмкіндігін пайдалана отырып, облыстық, аудандық маңызы бар көшелерде дезинфекциялау жұмыстары қыза түскен.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *