САЙРАМ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ ХАЛЫҚТЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ОРТАЛЫҒЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІН МЕРЕКЕСІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

САЙРАМ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ ХАЛЫҚТЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ОРТАЛЫҒЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІН МЕРЕКЕСІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

23 просмотров

САЙРАМ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ ХАЛЫҚТЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ОРТАЛЫҒЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІН МЕРЕКЕСІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ
ХАЛЫҚТЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ОРТАЛЫҒЫНА- 10 ЖЫЛ!
2011 жылы 1 шілде күні жергілікті аудандарда, облыстық маңызы бар қалаларда, Алматы және Нұр-Сұлтан қалаларында Үкіметтің шешімімен Халықты жұмыспен қамту орталықтары құрылды.
Халықты жұмыспен қамту орталықтарының негізгі мақсаты – азаматтар мен жұмыс берушілерге еңбек делдалдығын көрсету, жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын жүзеге асыру, жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау шараларын ұйымдастыру.
2021 жылдың есептік кезеңіне сәйкес, Сайрам ауданы әкімдігінің «Халықты жұмыспен қамту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі тарапынан «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек»» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мақсатында, биылға арналған кешенді жоспарға сай, жыл басынан бері жұмыспен қамтудың белсенді шараларына ауданның 2803 азаматы қатысты.
Оның ішінде:
— 1065 адам тұрақты жұмыс орындарымен қамтылды;
— 186 адам әлеуметтік жұмыс орындарымен қамтылып, 19 млн 800 мын теңге субсидияланды;
— 295 адам жастар практикасына жолданып, 71 млн 428 мың теңге айлық жалақыларына төленді ;
— 678 адам ақылы қоғамдық жұмысқа тартылып, оларға 130 млн теңге төленді;
— Жаңа бизнес-идеяларды іске асыру мақсатында ниет білдірген 390 азаматтарға 227 млн 526 мың теңге мемлекеттік гранттар берілді.
— 189 азамат «Бастау-бизнес» жобасы аясында кәсіпкерлік негіздерінде оқытылып, «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының II бағыты аясында несие алуға үміткерлер болып тіркелді.
Аудандағы осындай ауқымды жұмысты Сайрам ауданы әкімдігінің «Халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ-нің 45 қызметкері атқаруда.
Құрметті әлеуметтік сала майталмандары! Мемлекеттік бағдарлама аясында, жылдан жылға халықты әлеуметтік қорғау жүйесін жетілдіріп, қызмет көрсету сапасы мен көлемін арттырып, жоғары кәсібилік, саладағы көшбасшылық және ұйымдастырушылық қабілеттеріңізбен әлеуметтік-еңбек саласына елеулі үлес қосып, ауданымыздың әл-ауқатын арттыруда аянбай еңбек етіп келесіздер. Аталған қызмет түрлері Сіздердің қажырлы еңбектеріңіздің арқасында берілуде. Мерекелеріңізбен құттықтай отырып, дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға бақ-береке тілеймін! Атқарып жатқан еңбектеріңіз еселеніп, елене берсін!
Ұласбек Сәдібеков,
Сайрам ауданының әкімі.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.