САЙРАМ: ДӘСТҮР ДӘРІПТЕЛГЕН КҮН

САЙРАМ: ДӘСТҮР ДӘРІПТЕЛГЕН КҮН

13 просмотров

САЙРАМ: ДӘСТҮР ДӘРІПТЕЛГЕН КҮН

Сайрам ауданындағы Ақбұлақ ауылында қасиетті бұлақтың басында аудандық Қоғамдық келісім мекемесі тікелей ұйымдастырған Қымызмұрындыққа ардагерлер мен әжелер , қадірлі қариялармен бірге қатыстым.

Күзгі қымызды бабаларымыз сірге қияр қымызы деп атаған. Басқосуда ұлттық дәстүріміз дәріптеліп, абыз данагөй ақсақалдар батасын беріп, жергілікті жердің тарихын әңгімеледі.

Ақ жаулықты аналар бие сауып, қымыз дайындаудың қыр-сырын дәріптеді.

Кезінде тек жастардың сауық-сайран құрып , көңіл көтеріп шомылу үшін келетін бұлақ маңы бұл күнде қоршалып, тал-ағаштар күтіліп, бұлақ қорғалып, жанына қазақи киіз үй орнатылып ,ауыл тұрғындарының ғана емес, аудан, қаладан келетін қонақтар үшін арнайы қасиетті орынға айналғанын көзімізбен көрдік. Тіпті бұлақтан аққан су бетіндегі қалқыған қаздар табиғат көркіне көрік, сәніне сән қосып тұрды. Табиғатын аялай білуге баулыған ауыл қарияларының батасы-жастарға үлгі, келер ұрпаққа аманат.

ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай , партияның “Ұлттық мұра” жобасы аясындағы дәстүріміз дәріптелген бұл күні ізет пен құрметтің , сыйластық пен татулықтың белгілері орын алды. Ұрпақтар сабақтастығы жарасымды жалғасын таба бермек.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *