САЙРАМ: Елді мекеннің тыныс-тіршілігімен жақын танысып, мәселелерді зерделеу

САЙРАМ: Елді мекеннің тыныс-тіршілігімен жақын танысып, мәселелерді зерделеу

6 просмотров

САЙРАМ: Елді мекеннің тыныс-тіршілігімен жақын танысып, мәселелерді зерделеу

Бүгінде бірлігі мен тірлігі жарасқан, еңбекқор халқы бар көпұлтты Сайрам ауданының  ішкі саяси жағдайы тұрақты.  Еліміздің Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бастамасымен іске асырылып жатырған «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы аясында қолға алынған жоба жетерлік. Бұл игі бастамалар біздің Сайрам ауданында іске асырылып жатырғанын айта кетейік. Мәселен, жыл басынан бері «Ауыл – ел тірегі» жобасы іске қосылып, аудан көлеміндегі түрлі мәселелердің шешілуіне түрткі болған. Жалпы жобаның мақсаты – әрбір елді мекеннің тыныс-тіршілігімен жақын танысып, өзекті мәселелерді зерделеп, оның шешу жолдарын қарастыру болып табылады. Он күндік іс-шара барысында аудан әкімі, оның орынбасарлары, дербес бөлім және мекеме басшылары тарапынан ауыл тұрғындарымен кездесулер және жеке қабылдаулар өткізілмек.

Жоба асында өткізілген шаралар нәтижесіне сүйенер болсақ, биылғы жылдың төрт айында аудан әкімдігіне келіп түскен өтініштер мен шағымдар саны өткен жылдың 4 айымен салыстырғанда 34% — ға азайған. Алдағы уақыттарда бұл нәтижені қазіргіден де жақсарта түсу басты мақсат.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.