Сайрам: Онкүндік аясындағы оңды істер жалғасуда

Сайрам: Онкүндік аясындағы оңды істер жалғасуда

37 просмотров

Сайрам: Онкүндік аясындағы оңды істер жалғасуда
Сайрам ауданының әкімі Ұласбек Сәдібекұлының бастамасымен Көлкент ауылдық округінде “Ауыл ел — тірегі” онкүндік аясындағы іс шаралар жалғасуда.
Оның барысында Ақсуабад ауылындағы Ақсуабад-Қайтпас жолын кеңейтіп, асфальт төсеу жоспарланған.
Бүгін әкім аппаратының ұйымдастыруымен Ақсуабад ауылының белсенділері, ауыл билері, көше комитеттері, ауыл жастары және ауыл кәсіпкерлері бірлесіп, асар жолымен аталған көшенің жолын кеңейту қолға алынды.
Одан бөлек, Қосбұлақ ауылы 63 Қ.Сәтбаев жалпы орта мектебіне қарасты жалпы аумағы 0,10 га жер телімін абаттандыру жұмыстары мекеме басшысы А.Атахановтың басшылығымен ұйымдастырылып, тазарту жұмыстары жүргізілді.
Сондай-ақ ауыл әкімшілігі қызметкерлері, ақылы қоғамдық жұмысшылар Ақсуабад ауылы Тәуелсіздік көшесін және Шапырашты ауылы Ақтан ата көшелерінде санитарлық тазалық, абаттандыру жұмыстарын жүргізуде.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.