САЙРАМ: МОБИЛЬДІ ТОПТЫҢ ЖҰМЫСЫНА КЕДЕРГІ КЕЛТІРЕТІНДЕР КӨП

САЙРАМ: МОБИЛЬДІ ТОПТЫҢ ЖҰМЫСЫНА КЕДЕРГІ КЕЛТІРЕТІНДЕР КӨП

21 просмотров

САЙРАМ: МОБИЛЬДІ ТОПТЫҢ ЖҰМЫСЫНА КЕДЕРГІ КЕЛТІРЕТІНДЕР КӨП
Түркістан облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің орынбасары Асқар Бекболатұлының «Сайрам ауданы аумағында карантин мен шектеу шараларын қатаңдату туралы» №18 қаулысының орындалуына қатысты шаралардың күшейтілетіні аудан кәсіпкерлеріне алдын-ала ескертілген.
Алайда, бүгінде Қарасу ауылдық округіндегі «Қарасу» демалыс аймағы шектелген жұмыс уақытына ( Ashiq бағдарламасы сәйкес 09.00 — ден 20.00 — ге дейін) қарамай келушілерді қабылдауда. Заңға бағынғысы келмейді. Онымен талай адамның денсаулығына зиян келтірмесіне кепілдік жоқ.
Аксукент округіндегі Қарабұлақ тас жолы бойында орналаскан “Даймонд” демалыс кешені де ( “Ashiq Лидер” бағдарламасымен 9:00-22.00дейін) шектелген уақыттан тыс жұмыс істегені анықталды .
Карантин шектеулерін өрескел бұзып, Лаундж бар емен-еркін адам қабылдаған. Соған қарамай, тексерушілерге есігін ашпай, қарсылық көрсетті.
Заңбұзушылыққа жол берген жағдайда режимді бұзғанда жауапкершілікке тартыларын ескергісі келмейтіндер азаймай тұр. Мобильді топ көптеген нысандардың жұмысын тоқтатып жапса да, қайта бастап жатқандар бар.
Аудандық полиция басқармасы тарапынан мобильді топ мүшелері анықтаған карантин талаптарын сақтамай жұмыс істеген Айнур Егамбердиеваға ҚР ӘҚБт Кодекстің 425 бап 1 бөлігімен кәсіпкерлік субъектіге қатысты мобильді топ төрағасы Мадияр Оразалиевтің өзі акт толтырды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *