САЙРАМ: Шаруалар 2500 тонна етті экспорттауды жоспарлап отыр

САЙРАМ: Шаруалар 2500 тонна етті экспорттауды жоспарлап отыр

14 просмотров

САЙРАМ: Шаруалар 2500 тонна етті экспорттауды жоспарлап отыр

Сайрам ауданы Қарамұрт ауылындағы 600 басқа арналған мал бордақылау алаңы бар. Қожалық 2011 жылы құрылған. Содан бері етті бағытта мал бордақылаумен айналысып келеді. Қазір мұнда ірі қарадан бөлек, жылқы да байланады.
Мұнда бордақыда тұрған жылқыларға күніне екі рет жем, бір рет шөп береміз. Суы әрдайым алдында тұрады. Бұлар жас мал болғандықтан тез семіреді.  Осындағы малдың бәрін 5-ақ адам қарап, бағады. Ферма екі бөліктен тұрады. Бірінде Зеңгі баба тұқымы бордақыланса, екіншісінде Қамбар ата төлі байланған.
Қорада Ресейден әкелінген 300 бас тай бордақылаунда. Олар мұнда 3 ай байланады. Әбден семіргеннен кейін сойылып, Алматы мен Нұр-Сұлтан қалаларына жөнелтіледі. Шаруашылықтың 50 басқа лайықталған өз сойыс алаңы бар. Онда күніне 50 бас іріқара сойылып, 11-12 тонна ет өндіріледі. Ал жылына 350 тонна ет шығарады. Бұдан бөлек, Қарамұрт ауылдық округінің өзінде осындай 4 мал бордақылау алаңы бар. Олардың барлығын қосқанда бір ауылдың өзінен жылына мың тонна ет өндіріледі. Былтыр осы уақытта карантин деп шекаралар жабылды. Бордақыланған малды Өзбекстанға тірідей өткізетін кәсіпкерлердің жұмысы тоқтады. Салдарынан ет экспорты төмендеді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.