САЙРАМ: Шаруашылығы түрленіп, кәсіп көбеюде

САЙРАМ: Шаруашылығы түрленіп, кәсіп көбеюде

16 просмотров

САЙРАМ: Шаруашылығы түрленіп, кәсіп көбеюде
Ауданның шаруашылығы түрленіп, кәсібі көбейіп, әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері жыл сайын артып отыр.
Ауданның экономикалық дамуын сипаттайтын басты көрсеткіш жалпы өңірлік өнім көлемі 2020 жылы 158,6 млрд.теңгеге жетіп, өсім 5,8% құраған болса, 2021 жылы жалпы өңірлік өнім көлемін 166,5 млрд.теңгеге немесе өсімін 5,0%-ға жеткізу жоспарлануда.
Ағымдағы жылдың 6 айында жалпы өңірлік өнім көлемі 62 млрд теңгеге жетіп, өсім 7,3%-ды құрады. Жалпы өнімнің ішінде 48%-ы ауылшаруашылық саласына тиесілі. Экономиканың негізгі салаларында өсім байқалады, өнеркәсіп өнімі 18,7%-ға, ауыл шаруашылық өнімі 5%-ға өссе, 9,6 млрд.теңге инвестиция тартылып, пайдалануға берілген тұрғын үй алаңы 42 мың ш.м құрады.
Ауданымыздағы өндірілетін өнімдер өзімізді ғана қамтып қоймай, өзге аймақтарға да жіберіледі.
Былтырғы жылы 89,0 млрд теңгенің өнімі өндіріліп, өсім 6,2%-ға жетіп, аудан 2 орында болған. Карантин режимі болса да шаруа тоқтаған жоқ. Биылғы жылдың 6 айында ауыл шаруашылығында 30 млрд.теңгеге өнім өндірілді, көктемгі егіс жұмыстарының мерзімінде жүргізілу нәтижесінде, былтырғы жылға қарағанда 1,4 млрд.теңгеге артық өнім алынды. Ауданымыздың үлесі облыс көлемінде 13,9%-ды құрап, 2 орынға тұрақтады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.