САЙРАМ: Жүздеген азаматтың өмірін арашалап қалуда маңызды рөл атқарады

САЙРАМ: Жүздеген азаматтың өмірін арашалап қалуда маңызды рөл атқарады

17 просмотров

САЙРАМ: Жүздеген азаматтың өмірін арашалап қалуда маңызды рөл атқарады
Аты жаман ауру тарап, елімізде төтенше жағдай жарияланған уақытында «Біз біргеміз. Бұл қиындықты ел болып, қоғам болып еңсереміз» деп ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев алғаш үндеу жариялаған болатын. Елбасы, партия төрағасы Н.Ә.Назарбаевта партия жанынан «Біз біргеміз» қорын құрып, барлық кәсіпкерлермен белсенділерді азаматтарға жәрдем беруге шақырған болатын.
Дүйім дүниеге таралып үлгерген індет Қазақстанды айналып өткен жоқ. Тіпті ауру асқынып, мутацияға ұшырап, одан сайын қауіп төндіре бастады.
Бүгін «Біз біргеміз» акциясы «Ақсукент» Сайрам аудандық аурханасында жалғасын тапты. Осынау қиын мезетте «Nur Otan» партиясының өкілдері мен облыстық мәслихат депутаты қамқорлық танытып, бірге екендіктерін көрсетті. Осыған дейін де қайырымдылық шараларға ұдайы үлес қосып, қаншама жандарға көмек көрсетіп, ел алғысын арқалап жүрген Түркістан облыстық мәслихатының депутаты Егамбердиева Динара Асылқызы акция аясында өз қаражаты есебінен 1 жасанды тыныс алу аппараты мен 10 дана кислароттық балон жабдығын сатып алып, оны Сайрам аудандық ауруханасына табыстады.
Шараға аудандық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Алмас Әбдрахманұлы мен аудандық орталық аурхана бас дәрігерінінің орынбасарлары Төлеген Жолдасұлы және Нурали Рахматалиұлы қатысты. Шара барысында халық қалаулысы Динара Асылқызы тағы бір тыныс алу құрылғысы мен дәрі-дәрмек қорапшасына тапсырыс беріп, тұрғындарға қолдау көрсетпек ниетте екендігін жеткізді. Сондай-ақ, Динара Асылқызы елімізде болып жатқан індеттің уақытша сынақ екенін айта келе, аудан тұрғындарын карантиннің барлық талаптарын қатаң сақтап, барынша оқшаулануға, аса қажеттілік болмаса көпшілік орындарға бармауға шақырды.
Акция соңында коронавирус инфекциясына байланысты қатаң карантинде отырған аудандағы азаматтар, оның ішінде Сайрамдық тұрғындар атынан Динара Асылқызына алғысымды айтамын. Барша науқастарға қажетті аппараттың сыйға тартылуы ізгі амал, бұл ондаған, жүздеген азаматтың өмірін арашалап қалуда маңызды рөл атқаратыны айтпаса да белгілі», – деді аудандық орталық ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары Н.Ирсалиев

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.