САЙРАМДА "АУЫЛДАҒЫ ОҢДЫ ІСТЕР" ОНКҮНДІГІ БАСТАЛДЫ

САЙРАМДА «АУЫЛДАҒЫ ОҢДЫ ІСТЕР» ОНКҮНДІГІ БАСТАЛДЫ

13 просмотров

САЙРАМДА "АУЫЛДАҒЫ ОҢДЫ ІСТЕР" ОНКҮНДІГІ БАСТАЛДЫ

Тәуелсіздіктің 30 жылдығы аясында «Ауыл – Ел тірегі» жобасының кезекті онкүндігі Жібек жолы ауылдық округінде бастау алды. 6 мыңға жуық тұрғыны бар Жібек жолы ауылдық округінде осы он күнде 128 іс-шара өткізу жоспарлануда. Аталған жоспар барысын аудан әкімі Ұ.Сәдібеков төрағалық еткен мәжілісте аудан әкімі апаратының ұйымдастыру бөлімінің басшысы Мади Абайұлы тарқатып баяндады.

САЙРАМДА "АУЫЛДАҒЫ ОҢДЫ ІСТЕР" ОНКҮНДІГІ БАСТАЛДЫ

Жібек Жолы ауыл округі аумағындағы «Төменгі Аққала» каналына 2,5 км механикалық тазалау жұмыстарын жүргізу жоспарлануда. Сонымен қатар егістік алқаптан жылына 2 өнім алу жобасы үйіргелік жерлерге тамшылатып суғару әдісін ендіру бойынша 3 отбасыға түсіндірме жұмыстары жүргізілмек.Сондай-ақ Жібек жолы елді мекені Абылайхан көшесіндегі тозығы жеткен коммуналдық меншіктегі тозығы жеткен 2 электр трансформаторларын ретке келтіру, апатты жағдайдағы электр бағаналарын ауыстыру, ауыз су құбырының темір-бетон құдықтарына зерделеу жұмыстарын жүргізіп, тозығы жеткен темір-бетон бағаналарын ауыстыру жұмыстарын жүргізу жоспарланып отыр.

– Ең бастысы, жергілікті халықтың қауіпсіздігі мен сақтығын сақтау мақсатында Жібек жолы ауылдық округінде өтетін онкүндік іс-шараны онлайн форматында өткізуге көшеміз. Дегенменде, ауылдық округі бойынша барлық жоспарланған жұмыстар өз деңгейінде және мерзімінде жүргізілуі тиіс. Жоспарланған жұмыстардың барысы мен берілген тапсырмаларды орындалуы жіті бақылауға алынатын болады, — деді Ұласбек Садибеков.

Жоспарланған іс-шараға байланысты аудан әкімінің бірінші орынбасары Аңсар Өсербаев осы онкүндік бойы Жібек Жолы ауылдық округінде қызмет атқаруға бекітілді.Сонымен қатар ауданымызда аса қауіпті коронавирус және пневмония ауруларының өршіп тұруына байланысты, Түркістан облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 14.04.2021 жылғы №8 қаулысына сәйкес белгіленген карантиндік шектеулер мен талаптарды қатаң сақтау мақсатында Манкент ауылдық округіндегі он күндікті қорытындылау кейінге шигерілді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *