САЙРАМДА ТОЙХАНА МӘДЕНИЕТ ҮЙІНЕ АЙНАЛДЫ

САЙРАМДА ТОЙХАНА МӘДЕНИЕТ ҮЙІНЕ АЙНАЛДЫ

131 просмотров

САЙРАМДА ТОЙХАНА  МӘДЕНИЕТ ҮЙІНЕ АЙНАЛДЫ

Сайрам ауданында 10 550 халық саны бар Арыс ауылы огругінде бірде бір мәдениет ошағы болмаған. Аудан әкімі Ұласбек Сәдібековтің бастамасымен, аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Г.Тынымбаеваның «Арыс» салтанат сарай ғимаратын халықтың игілігіне клуб, кітапхана ашу ұсынысымен Нұр Отан Партиясының саяси кеңесінің мүшесі, жергілікті кәсіпкер Хайтенов Равшан қолдауымен салтанат сарайы мәдениет үйі ретінде пайдалануға берілуде.

Бұл нысанды 2016 жылы іске қосқан. Алайда бүкіл әлемді жайлаған пандемияға байланысты жиын-той өткізуге шектеулер қойылған қазіргі күнге дейін бос тұрған. Ғимараттың екі қабатты жалпы пайдалы көлемі 1207 шаршы метр. Үлкен залын көрермендер залына және би үйірмесіне, қалған 4 бөлмесіне үйірмелер және кітапхананың орналасуына ыңғайлы. Қол өнер, дайро, би үйірмелерімен кітапхана және оқырмандар залы ашылады.Бүгін арнайы аудан басшысы Арыс ауылдық округі, Қожақорған елді мекені Ж.Меңлібаев көшесі бойында орналасқан салтанат сарайын мәдениет үйіне жалға беру жұмысымен танысты.

САЙРАМДА ТОЙХАНА  МӘДЕНИЕТ ҮЙІНЕ АЙНАЛДЫ

Айта кетсек рухани орда биылғы жылдың бірінші маусымында ашылу жоспарлануда.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *