Сайрамдықтар сый жасады

Сайрамдықтар сый жасады

0 просмотров

Сайрамдықтар сый жасады

Түркістан қаласы облыс орталығы болғалы бері еліміздің әр аймағынан көмек көрсетіліп, түрлі нысандардың сыйға тартылғанын білеміз. Осы үрдісті облысқа қарасты аудандар да жалғастырып,қарт қаланың ажарын ашуға қол ұшын созып, түрлі деңгейде нысан құрылыстарын жүргізіп жатыр. Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің тапсырмасымен шаһарды сәнге келтіру 32 секторға бөлініп, аудандардың жұмыс жасауына табысталған болатын. Алғашқылардың бірі болып Сайрам ауданының киелі мекенге жасаған сыйы да дайын болды.

2-секторға бекітілген Сайрам ауданы Ж.Майкотов көшесінде орналасқан №22 ммектептің алдына спорт алаңшасын тұрғызып, стрит-воркаут, 5 дана орындық пен жаңа қоқыс жәшіктері орнатылған. Аталған аумақты толық көгалдандырып, абаттандыру жұмыстары жасалған. Сондай-ақ, Ортақ (Талас)  шағын аудандарының 4 көшесінде 760 метро жол жиегі қолшалып, қоқыс жәшіктері мен 10 орындық қойылған.

Сонымен қатар, көше бойына 234 дана шырша ағашы егіліп, оны күтіп-баптау шараларын жүргізіп жатыр. Және де 3800 метр су жүйесі халық игілігіне берілген.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *