САРЫАҒАШТАҒЫ АУРУХАНА 100 ЖАТЫН ОРЫНҒА АРНАЛҒАН ЖАБДЫҚПЕН ТОЛЫҚТЫ

САРЫАҒАШТАҒЫ АУРУХАНА 100 ЖАТЫН ОРЫНҒА АРНАЛҒАН ЖАБДЫҚПЕН ТОЛЫҚТЫ

37 просмотров

САРЫАҒАШТАҒЫ АУРУХАНА 100 ЖАТЫН ОРЫНҒА АРНАЛҒАН ЖАБДЫҚПЕН ТОЛЫҚТЫ

Түркістан облысы Сарыағаш ауданындағы орталық аурухана 100 жатын орынға арналған жабдықтармен толықты.

Елді жайлаған індеттің құрығына ілінгендер қатары күнсанап артып келеді. Осыны ескерген аудандық мәслихатының депутаты, «Nur Otan» партиясы Сарыағаш аудандық филиалының фракция мүшесі Жомарт Әбдібаев демеушілік танытты. Ол аудандық орталық ауруханадағы провизорлық стационарға ем алушы науқастарға қосымша орындар дайындау мақсатында 100 жатын орынға арналған жабдықтар үлестірді.

САРЫАҒАШТАҒЫ АУРУХАНА 100 ЖАТЫН ОРЫНҒА АРНАЛҒАН ЖАБДЫҚПЕН ТОЛЫҚТЫ


Алайда бұл қосымша орындар дайындалғанымен індеттің таралуы алдын алынды деген сөз емес. Қайта керісінше ауырып ем іздегенше ауырмаудың жолын жасау керек. Сондықтан да аудан тұрғындары мен өңір жұртшылығын барынша сақтанып жүру керектігін ескертеміз. Мейілінше қоғамдық орындар мен адам көп шоғырланатын жерлерге бармаған жөн. Барған жағдайда міндетті түрде медициналық бетперде тағу керек.  Сондай-ақ қолыңызды жиі сабынбен жуған аурудың алдын алады. Карантин талаптарын қатаң сақтап, барынша үйде болуға тырысыңыз.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *