Сауран ауданында еркін күрестен облыстық турнир өтті

Сауран ауданында еркін күрестен облыстық турнир өтті

32 просмотров

Сауран ауданында еркін күрестен облыстық турнир өтті

Сауран ауданы Оранғай ауылындағы үрмелі спорт кешенінде еркін күрестен облыстық сайыс өтті. Ұлы Отан соғысы және еңбек ардагері, Шорнақ ауылының Құрметті азаматы  Қожан Шүрменұлын еске алуға арналған турнирге 2008-2010 жылғы жас балуандар қатысып өз ара мықтыны анықтады. Жарысқа майдангердің туыстары демеушілік танытса, аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі ұйытқы болды.

Боз кілемдегі белдесуге арнайы ат басын бұрған аудан әкімі Ғани Рысбеков пен зиялы қауым өкілдері, ардагердің ет жақындары өткеннен сыр шертіп, еңбекпен бақыттың басын иген ардагердің өрелі өмірінен ой қозғап, спортшыларға сәттілік тіледі. Аймақ басшысы облыс пен республикалық сайыстарда топ жарған бірқатар спорт шеберлеріне алғыс хаттар табыстап, сый-сияпат үлестірді.

Сауран ауданында еркін күрестен облыстық турнир өтті

Айта кетейік, Қожан Шүрменұлы 1922 жылы 19-мамырда Шорнақтөбе елді мекенінде дүниеге келген.  1939 жыл орта оқуды тәмәмдап, аталмыш колхозда есепші болып қызмет атқарған. Отбасының жалғыз ұлы бола тұра майданға өз еркімен аттанып, соғыс аяқталғаннан кейін жеңіспен оралған. Өз саласында еселі еңбек еткен ердің есімі ел есінде. Бүгінде аудан орталығындағы көшеге ардагер Қожан Шүрменұлының аты берілген.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.