«САЗДЫ САУРАН» АТТЫ КОМПОЗИТОРЛАР БАЙҚАУЫ ӨТТІ

«САЗДЫ САУРАН» АТТЫ КОМПОЗИТОРЛАР БАЙҚАУЫ ӨТТІ

124 просмотров

«САЗДЫ САУРАН» АТТЫ КОМПОЗИТОРЛАР БАЙҚАУЫ ӨТТІ

Сауран ауданының құрылғанына бір жыл толуына орай, бүгін Түркістан қаласы, Ақжайық музыкалық мектебінде «Сазды Сауран» сазгерлер байқауы өтті.

2021 жылдың 12 наурызы күні «Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы № 2572-XII Заңына сәйкес Президент Тоқаев Қасым-Жомарт Кемелұлының жарлығымен Түркістан облысында Сауран ауданы құрылды. Жаңа құрылған ауданның бір жылдағы жеткен жетістігі ауыз толтырып айтарлықтай.

Қайта жаңғырған Сауран елінің аудан болып құрылғанына 1жыл толуына орай ұйымдастырылған бұл «Сазды Сауран» байқауының салтанатты ашылуында Сауран ауданының әкімі Ғани Құрмашұлы Рысбеков құттықтау сөз сөйлеп, байқауға қатысушыларға сәттілік тіледі.

Байқау облыстық деңгейде өтіп,Түркістан өңірінің әр аудан-қалаларынан 17 композитор қатысып, бақ сынады.

Сайлаухан Жолановтың сөзіне жазылған, Шерхан Әлібековтың «Ордада қайта түлеген жауһарым» атты әні байқаудың бас жүлдесін жеңіп алып, Сауран ауданының әнұранына айналды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.