ШАРДАРА: КӨКТЕМГІ ЕГІС ЖҰМЫСТАРЫ ҚЫЗА ТҮСТІ

ШАРДАРА: КӨКТЕМГІ ЕГІС ЖҰМЫСТАРЫ ҚЫЗА ТҮСТІ

23 просмотров

ШАРДАРА: КӨКТЕМГІ ЕГІС ЖҰМЫСТАРЫ ҚЫЗА ТҮСТІ

Шардарада көктемгі егіс жұмыстары қызып тұр. Диқандар жер жыртып, егістік алқапқа көң жайып, тіпті ерте пісетін пияз егіп жатыр. Солардың бірі — Жаушықұм ауыл округіндегі «Тұран» шаруа қожалығы қазірдің өзінде тамшылатып суару әдісімен 50 гектар жерге көктемгі пияз, 3,5 гектарға қырыққабат егіпті.

ШАРДАРА: КӨКТЕМГІ ЕГІС ЖҰМЫСТАРЫ ҚЫЗА ТҮСТІ

Бұдан бөлек, 12 гектарды құрайтын ерте пісетін пиязы бас көтеріп қалыпты. Мамыр айында алғашқы өнімдеріміз дайын болады дейді кооператив басшысы Юрий Ан. Бұл қожалықта бас-аяғы 110 гектар егістік жер бар. Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің бір жерден екі өнім алу тапсырмасына орай жұмыс атқарып жатқан «Тұран» ауыл шаруашылығы кооперативі мемлекет тарапынан барлық қолдауларды алып отыр екен. Атап айтқанда, арзандатылған жанар-жағармай, тыңайтқыш, субсидия. Былтырғы жылы аудан әкімдігі шаруаға қолғабыс жасап, егістік басына электр жарығын тартып беріпті. Бұл өз кезегінде ағын су тартуға кеткен шығынды екі есеге азайтқан.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *