ШАРДАРАДА «АБАЙЛАҢЫЗ, БАЛАЛАР!» ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ІС-ШАРАСЫ ӨТТІ

ШАРДАРАДА «АБАЙЛАҢЫЗ, БАЛАЛАР!» ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ІС-ШАРАСЫ ӨТТІ

6 просмотров

ШАРДАРАДА «АБАЙЛАҢЫЗ, БАЛАЛАР!» ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ІС-ШАРАСЫ ӨТТІ

Республика көлемінде өтіп жатқан «Абайлаңыз, балалар!» іс-шарасы Шардарада жалғасын тапты. Шараға Шардара ауданының  ювеналды полицейлері мен ауданға қарасты 7 мектептің оқушылары қатысты. Шараның мақсаты — жасөспірімдердің қатысуымен болатын жол көлік оқиғаларын болдырмау және алдын алу.                                                                                    Шара барысында полицейлер оқушыларға  жаяу жүргіншілерге арналған жолақта жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар, көшедегі әрбір қауіпсіздік үшін қойылған белгілерді атап өтіп, оларға жаяу жүрген кезде кез-келген жерден өтпей, арнайы жолақ белгілері бар жерлермен жүру керектігін ескертті. Және бастауыш сынып оқушыларына бағдаршамның әрбір түсін ажырата біліп, бағдаршамға қарай жүру екендігін көрсетті.                                                            Тәртіп сақшылары тарапынан бұндай шаралар әлі де жалғасын табатын болады.

 

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.