ШАРДАРАДА ГРЕК-РИМ КҮРЕСІНЕН ТҰҢҒЫШ РЕТ ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫ ӨТТІ

ШАРДАРАДА ГРЕК-РИМ КҮРЕСІНЕН ТҰҢҒЫШ РЕТ ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫ ӨТТІ

7 просмотров

ШАРДАРАДА ГРЕК-РИМ КҮРЕСІНЕН ТҰҢҒЫШ РЕТ ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫ ӨТТІ

Қазақстан Республикасы мәдениет және спорт басқармасының Спорт және дене шынықтыру істері комитеті, ҚР ұлттық спорт комитеті, Түркістан облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы, Шардара ауданы әкімдігі және Түркістан облыстық N4 олимпиада резервінің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің ұйымдастыруымен қойнауы шежіре мен тарихқа бай Шардара жерінде грек-рим күресінен 2005-2006 жылы туылған жасөспірімдер арасында тұңғыш рет Қазақстан Республикасы чемпионаты өтті. Еліміздің түпкір-түпкірінен қатысқан 25 команда құрамында 500-ге жуық жасөспірім бағын сынаған байрақты бәсекенің ашылу салтанатына Шардара ауданы әкімінің орынбасары Бауыржан Шомпиев, Республика көлемінде еңбегі сіңген ардагер спортшы, күрес түрлерінің атасы атанған Бақыт Жаңбырбаев, облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары Айтжан Бердешов пен грек-рим күресінен ұлттық құрама жетекшісі Абылайхан Қылышбаев қатысып, жас балуандарға сәттілік тілеген болатын.

12 салмақ дәрежесінде боз кілемде атой салып, қызықты әрі тартысты кездесулер өткізген жас балуандардың ішінде 35 келі салмақта алматылық Едіге Төлеутаев, 38 келіде Ибрагим Ербол, 41 келі салмақта Солтүстік Қазақстандық балуан Юсуф Алиев, 44 келіде Түркістан облысының балуаны Омар Дүйсенбек алтыннан алқа тағынса, 48 келі салмақта Түркістан облысынан Нұрқасым Өмірбек, 52 келіде де Түркістан облысының балуаны Әбдіқадір Серғазы, 57 келі салмақта Республикалық спорттық колледжінің тәрбиеленушісі Алмас Акимбаев, 62 келі салмақта Алматы облысынан Дүйсемхан Нұрзат, 68 келіде қостанайлық Санжар Сабитов, 75 келі салмақта түркістандық Тұрсын Райымбек пен 85 келі салмақта ақтөбелік Ерасыл Жиенғазин ел чемпиондары атанды.

Ал, ауыр салмақ саналатын 110 келіде Қарағандыдан келген балуан Алихан Құсайынов қарсылас шақ келтірмеді. Үш күнге созылған байрақты бәсекеде “Үздік спортшы” номинациясы төрешілердің шешімімен алматылық Едіге Төлеутаевқа бұйырды.

Айта кетейік, күрес додасының қорытындысы бойынша командалық есепте ІІІ орынды Алматы облысының командасы иеленсе, ІІ орынға ақтөбеліктер табан тіреді. Ал, І орын Түркістан облысының балуандарының қанжығасына байланды.

Жарыс соңында жеңіс тұғырынан көрінген жасөспірім спортшылар мен олардың жаттықтырушылары ұйымдастырушылардың диплом-медальдарымен, бағалы сыйлықтарымен марапатталды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *