ШАРДАРАЛЫҚ КӨПБАЛАЛЫ АНАҒА БАСПАНА ТАРТУ ЕТІЛДІ

ШАРДАРАЛЫҚ КӨПБАЛАЛЫ АНАҒА БАСПАНА ТАРТУ ЕТІЛДІ

31 просмотров

ШАРДАРАЛЫҚ КӨПБАЛАЛЫ АНАҒА БАСПАНА ТАРТУ ЕТІЛДІ

Шардара ауданында ерекше қуанышты оқиға болды. Бұған дейін баспана тауқыметін тартып келе жатқан 7 баланың анасы Қарлығаш Манаповаға ел азаматтары тамаша сыйлық жасады.
Ел ағалары мен жомарт кәсіпкерлер бірігіп, облыста жүзеге асырылып жатқан «Қамқорлық» бағдарламасы аясында көпбалалы отбасыға 3 бөлмелі пәтердің кілтін тапсырды.
Көңіл толқытарлық іс-шараға Шардара ауданы әкімінің орынбасары Бауыржан Шомпиев қатысып, үйлі болған көпбалалы ананы құттықтады. Алдағы уақытта да қоғамды ізгілікке, мейірімге жетелейтін бастамалар жалғаса береріне сенім білдірді.
Жалпы Түркістан облысында «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалының үйлестіруімен «Қамқорлық» бағдарламасы аясында 1643 отбасы арнайы тізімге алынған. Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің тікелей бақылауында тұрған бағдарлама жұртшылық тарапынан қызу қолдауға ие болды. Партия филиалы, осы салаға жауапты басқарма, аудан, қала әкімдіктері тарапынан тиісті жұмыстар атқарылуда. Осы ретте Шардара ауданында да ілкімді іс бар екенін айта кеткен жөн.
Қазірдің өзінде облыс аумағында 10-ға жуық отбасы баспаналы болып үлгерді. Елдің жомарт, отаншыл кәсіпкерлері игі бастамаға айрықша үлес қосуда. Бағдарлама аясында тұрғындарға азық-түлік, қаржылай және өзге де көмектер көрсетіліп жатыр. Бұл отбасыларға 1135 куратор бекітілген. 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *