Шымкент қаласын көгалдандырудың стратегиясы жасалады

Шымкент қаласын көгалдандырудың стратегиясы жасалады

3 просмотров

Шымкент қаласын көгалдандырудың стратегиясы жасалады

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновке Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Ахмет Татыбаев қаланы көгалдандыру стратегиясының жобасын ұсынды. Онда саябақ пен гүлзарларды абаттандыру, ескерткіштер, ағаш көшеттерін өсіру, құрылыс және қайта жаңарту секілді негізгі мәселелер қарастырылған.

Стратегияға сәйкес, 8 негізгі саябақты қайта құру жоспары дайындалды. Одан бөлек 39 гүлзар абаттандырылады. Қала аумағындағы ескерткіштерді де ретке келтіру, Қошқар ата өзені маңындағы балалар бассейнін қалыпқа келтіру де жоспарға енгізілген.

Жобаға сай 8,2 гектар аумаққа 1 миллион түп ағаш көшеттері өсіріледі. Әр ауданнан 10 гектар жер бөлініп, жалпы 40 га аумаққа жасыл аймақ құру көзделіп отыр. Оларға суару жүйелері де орнатылады.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, Шымкент қаласында жасыл белдеуді дамыту мақсатында іс-шаралар жоспары бекітілген. Осыған орай ағаштарды электрондық есепке алу жүйесін енгізу мен аудандар бөлінісінде қала бойынша түгендеу жүргізу қолға алынады. 2025 жылға дейін Шымкентте жасыл аймақты 21544 га дейін ұлғайту жоспарланған. Онда 6,5 млн. дана ағаш-бұталар өсірілетін  болады.

Жиынды қорытындылаған қала әкімі шаһарды жасыл қалаға айналдырудың стратегиясын жасауды және мәслихат қарауына ұсынуды тапсырды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *