ШЫМКЕНТ: ҚОҒАМДЫҚ ІС-ШАРАЛАР УАҚЫТША ТОҚТАТЫЛАДЫ

ШЫМКЕНТ: ҚОҒАМДЫҚ ІС-ШАРАЛАР УАҚЫТША ТОҚТАТЫЛАДЫ

15 просмотров

ШЫМКЕНТ: ҚОҒАМДЫҚ ІС-ШАРАЛАР УАҚЫТША ТОҚТАТЫЛАДЫ

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директоры Тедрос Аданом Гебреисус Женевада өткен баспасөз брифингте коронавирус инфекциясының таралуын пандемия деп таныған болатын. Ол өз сөзінде таяу күндері ауру жұқтырған елдер қатары көбейеді дегені өздеріңізге белгілі.

Сондықтан, Мемлекет басшысы бүгін Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев өзінің твиттер парақшасында Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының хабарламасы негізінде Үкімет арнайы алдын ала қолға алу шараларын ұйымдастыратынын және қоғамдық іс-шараларды уақытша тоқтату жөнінде мәлімдеді.

Осыған орай, 2020 жылдың 20 наурыз күні Шымкен қаласында өтетін «Шымкент ТМД елдерінің мәдени астанасы» жылының ашылу салтанаты кейінге қалдырылды. Бұл жөнінде бүгін Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Алмасбек Мамытбеков баспасөз мәслихатында мәлімдеді.

Сондай-ақ, орта білім беру және колледждердегі демалыс уақыттары алдын ала басталып, 16 наурыз бен 5 сәуір аралығына ауыстырылғандығын вице-премьер Ерасыл Тоғжан бүгін баспасөз конференциясында мәлімдеді. Сонымен қатар, кинотеатрлар өз жұмысын уақытша тоқтатылып, спорттық іс-шаралар көрермендерсіз өткізілетінін айтты.

Дегенмен әлемде орын алып отырған жағдайды ескере отырып, халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету басты назарға алынуда.

-Шетелдік қонақтар шақырылған үлкен мәдени іс-шараның тоқтатылуына байланысты халық арасында үрей тудырудың қажеті жоқ екендігін назарларыңызға жеткіземіз.

Сондай-ақ, Ұлыстың ұлы күні наурыз мерекесін атап өту іс-шараларында тоқтатуды жөн деп санап отырмыз, — деді қала әкімінің орынбасары А.Мамытбеков.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *