ШЫМКЕНТ: «ҚР Тiл туралы» заңына сәйкес түсіндірме жұмыстары жүргізілді

ШЫМКЕНТ: «ҚР Тiл туралы» заңына сәйкес түсіндірме жұмыстары жүргізілді

3 просмотров

ШЫМКЕНТ: «ҚР Тiл туралы» заңына сәйкес түсіндірме жұмыстары жүргізілді
Шымкент қаласындағы Ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасы «Қоғамдық келісім» мекемесі мен Еңбекші ауданы әкімдігі қызметкерлері аудан аумағындағы көшелер бойында орналасқан жарнамалардың «ҚР Тiл туралы» Заңының 21-бабына сәйкес дұрыс жазылуы бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Түсіндірме жұмыстары барысында кәсіпкерлік нысандардағы бланкiлер, маңдайшалар, хабарландырулар, жарнамалар, прейскуранттар, баға көрсеткiштерi, басқа да көрнекi ақпараттың жазылуында қолданыстағы заңнаманың сақталмау жағдайлары анықталып, мамандар тарапынан түзету жөнінде ұсыныстар берілді. Аталған кемшіліктер түзетілмеген жағдайда ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 75-бабына сәйкес жеке кәсіп иесі әкімшілік жауапкершілікке тартылатындығы ескертілді.
Бүгінгі түсіндіру жұмыстарына Тұтынушылардың құқығын қорғау басқармасы мен Шымкент қаласының мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының мамандары да қатысып, өз ұсыныстарын білдірді.
Қолданыстағы заң нормаларына сәйкес кез-келген көрнекi ақпараттың мәтiндерi ең алдымен мемлекеттiк тiлде жазылып, қажеттiлігiне қарай қосымша басқа да тiлдерге аударылуы мүмкiн.
Шағын және орта бизнес өкілдеріне сыртқы жарнама құралдарын әзірлеу барысында мәтіндердің сауатты жазылуына, орналасуына тегін консультациялық көмек беретін «Жедел желі» (77-63-48) қызмет көрсетуде.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.