ШЫМКЕНТ: ӨРТТЕН ЗАРДАП ШЕККЕН 5 ҚАБАТТЫ ТҰРҒЫН ҮЙДІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ҚЫЗУ ЖҮРГІЗІЛІП ЖАТЫР

ШЫМКЕНТ: ӨРТТЕН ЗАРДАП ШЕККЕН 5 ҚАБАТТЫ ТҰРҒЫН ҮЙДІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ҚЫЗУ ЖҮРГІЗІЛІП ЖАТЫР

17 просмотров

ШЫМКЕНТ: ӨРТТЕН ЗАРДАП ШЕККЕН 5 ҚАБАТТЫ ТҰРҒЫН ҮЙДІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ҚЫЗУ ЖҮРГІЗІЛІП ЖАТЫР

«Nur Otan» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Бауыржан Байбек жұмыс сапары аясында қала әкімі Мұрат Әйтеновпен бірге Шымкенттің Абай ауданындағы М. Водопьянов көшесінің өткен жылы үйлері өртенген тұрғындарымен кездесті.

Бұл проблемалық нысан партия төрағасы Бірінші орынбасарының алдыңғы сапарының қорытындысы бойынша қыркүйекте партиялық бақылауға алынған болатын.

Қазіргі уақытта «Отау строй» құрылыс компаниясы тұрғын үйдің іргетасын қалап, екінші қабатына құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізуде.

«Елбасы айтқандай, «Nur Otan» – нақты істердің партиясы. Сондықтан осы мәселені бақылауда ұстап, арнайы келіп, өздеріңізбен кездесіп отырмыз. Өздеріңіз көріп отырсыздар, компания бар, қаражат бөлінген, құрылыс жүріп жатыр. Бұл мәселе партияның бақылауына алынған. Бізбен бірге қала әкімінің өзі келіп отыр. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» деген. Бәрі заң шеңберінде шешіледі», – деді Бауыржан Байбек.

Айта кетсек, 5 қабатты тұрғын үйдің құрылысына жуырда бюджетті нақтылау кезінде қажетті қаражат бөлінеді. Тұрғын үй жыл соңына қарай пайдалануға беріледі.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *