ШЫМКЕНТ: Тұрғын үй сертификатына өтінім қабылдау басталды

ШЫМКЕНТ: Тұрғын үй сертификатына өтінім қабылдау басталды

38 просмотров

ШЫМКЕНТ: Тұрғын үй сертификатына өтінім қабылдау басталды

Тұрғын үй сертификатына өтінім қабылдау 26-шы шілде күні басталады. Сонымен қатар биылғы жылы тұрғын үй сертификатына құжаттарды қабылдау онлайн жүзеге асырылмақ. Осы тұрғыда қазіргі таңда азаматтар тарапынан бірқатар сұрақтар келіп түсуде. «Өтінім жіберілмей жатыр» немесе «Аталған интернет ресурсқа кіру мүмкін емес» — деген секілді.

Айта кету керек, тұрғын үй сертификатына өтінім қабылдауға арналған «www.кezekte.kz» интернет ресурсы шілде айының 26-нан бастап автоматты түрде іске қосылады. Оған дейін ешқандай өтінім қабылдау жүргізілмейді. Яғни, несиелік бағытта баспаналы болуға ниет білдірген тұлға төлем қабілеттілігін растау туралы банктің хаты және соңғы 6 айда отбасының жиынтық табысы оның әрбір мүшесіне шаққанда 106336,2 теңгеден аспаған жағдайда, аталған күннен бастап тұрғын үй сертификатына өтінім жібере алады. Осы жерде айта кететін жәйт, отбасының жиынтық табысы ретінде — кәмелетке толған отбасы мүшелерінің расталған кіріс табысы есептеледі.

Тұрғын үй сертификаты «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында несие негізінде «2-10-20», «5-10-20», «5-20-25» және «7-20-25» бағыттары бойынша тұрғын үй алуды көздеген, тұрғын үй сертификаттарын алу талаптарына сай келетін әрбір азаматқа 1 миллион теңгеге дейін мөлшерде мемлекет тарапынан бастапқы жарна мөлшерінің бір бөлігін жабу үшін ұсынылатын әлеуметтік көмек ретінде беріледі.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.